Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұрпағымызға сана берсін - АРҚА АЖАРЫ

Ұрпағымызға сана берсін

Заманына қарай діни сипат берілген, атеистердің ықпалымен сонау 1926 жылдан бастап тойлануы тоқтатылған, тек араға 72 жыл салып ортамызға қайта оралған Наурыз мейрамы егемендігіміздің жемісі, Елбасы көтерген рухани жаңғыруымыздың нышаны деп білеміз.
Әр ұлт өкілінің өз ата дәстүрін әспеттегені жақсылықтың, ұрпақ санасына сіңірген ізгі жолының жарқын үлгісі. Біз де кезінде партия, кеңес органдарында ұзақ уақыт қызметте жүрдік. Көпті көрген әке-шешеміз, ауыл қариялары бұл мерекені өз отбасында шағын топта атап өтетін. Қыстан қалған соғым етімен қазан көтеріп, көрші-құда-жекжат, сыйлас достарымен төс түйістіріп, дәмге жиналатын. Дастарханын ұлттық тағаммен, дүкеннен сатып әкелетін тәттілермен, май-қаймақ, жент-құртымен лық толтыратын. Біз де осыны көріп өстік.
Дегенмен, ауыл деңгейінде кең көлемде атап өтуге аса мұршамыз бола қоймағаны рас. Өйткені, уақыт ағымы солай болды. Тек орталық алаңда дәл осы Наурыз кезінде оқушыларымыз көктемгі каникулға шығатын сәтте «Орыс қысын» шығарып салып, үш пар атты шанамен көше бойы думандатып, чучело-тұлыбын отқа өртеп, келесі шанамен ортамызға жеткен құтты қонағымыз – ару көктемді қарсы алып, мәз-мейрам болатын едік. Жексенбі күні бүкіл мерекеміз осымен шектелетін де, дүйсенбіде дағдылы жұмысымызға қайта кірісетінбіз.
Наурыз күні көктем ерте келетін оңтүстік өңірдің тал егуді қолға алғаны да түлеген табиғатты гүлдендіруге қосқан үлесі деп ұғамыз.
Одақ түпкілікті тарап, он бес ел өз егемендігін жариялаған сәтте төл дәстүріміздің, қасиетті дініміздің, ана тіліміздің қайта оралғанына бөркімізді аспанға ата қуандық. Наурыздың да діни мереке еместігіне ғалымдар мен ағалар көзімізді анық жеткізді. Бүгінде бала бақшадағы бүлдіршін немерелерімізден бастап білім ордасында, ауыл мен қалада, республика көлемінде той тойлайтын күнге жеткенімізге Аллаға мың шүкір дейміз.
Иә, Әз Наурыз – Ұлыс мейрамы әр шаңыраққа бақ пен қыдыр дарытсын, кетпес дәулет, кең пейіл, сарқылмас мол ырыс сыйласын, Наурыз көжеміз жұғымды да дәмді, дастарханымыз кең, тұрмысымыз сәнді, келешек ұрпағымыздың басындағы бағы баянды болсын. Елбасымызға сабыр, Отанымызға тыныштық, халқымызға баянды бірлік, дінімізге қуат, жастарымызға Алла ынсап берсін деп ағалық лебізімді жолдағым келеді.

Манап ӘБДІРЕШЕВ,
Ерейментау ауданының құрметті азаматы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар