Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Маңызды мәселелер талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Маңызды мәселелер талқыланды

Таяуда облыс орталығында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің, тәртіптік комиссия төрағаларының және әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен семинар-кеңес болып өтті. Кеңес жұмысын Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшысы Дархан Хайруллин жүргізіп отырды.

Аталмыш іс-шарада 2017 жылдың тәртіптік тәжірибе қорытындылары жарияланып, «Pocketbook» қалта кітап-жадынаманың таныстыру рәсімі болып өтті. Әдістемелік құралда мемлекеттік қызметшінің әдепті мінез-құлығы жөнінде, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдалану, мүдделер қақтығысын реттеу, көпшілік алдында сөз сөйлеу жөнінде ұсынымдар жазылған. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңестің рөлі, құқық бұзушылықтардың алдын алу себептерін анықтауға бағытталған түрлі танымдық материалдар бар. Ал, өткен жылдың қорытындыларына келер болсақ, мәселен былтырдың өзінде Әдеп жөніндегі кеңестің 14 отырысы өткізілген, онда 86 мәселе қаралып, оның ішінде алдын алу сипатындағы мәселелер 53,5 пайызды құрады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен азаматтардың өтініштерін сапалы және жан-жақты қарау мақсатында қажетті шаралар қолданылып, құқық бұзушылық анықталған жағдайда азаматтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және қалпына келтіру бағытында шаралар қолданылуда. Он екі ай ішінде 241 азаматтардың өтініштері қаралды. Тексеріс қорытындылары бойынша қолданыстағы заңнаманың 601 бұзушылықтары анықталды, заңнаманың бұзушылықтарын жою жөнінде 39, шешімдер мен актілердің күшін жою туралы 8 ұсыныс енгізілді. Тексеріс қорытындылары бойынша басшылық құрамындағы мемлекеттік қызметшілерге қатысты 10 тәртіптік іс қозғалды. 31 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді. Мәселен, 2017 жылғы 25 сәуірде департаментке «лауазымын төмендету» түрінде Бұланды ауданының аттестаттау комиссиясының шешімімен келіспеу туралы мемлекеттік қызметшінің өтініші түсті. Тексеріс қорытындылары бойынша аттестаттауды өткізу тәртібінің бұзылуы жағдайлары анықталды. Осыған орай, департамент аудан әкімінің атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіп, Ақмола облысының әкіміне ақпараттық хат жолдады. Тексеріс нәтижесінде бірыңғай аттестаттау комиссиясының шешімінің күшін жойып, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2017 жылғы шілде айында мемлекеттік қызметшінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінде тексеріс өткізіліп, оның қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік құқықтары бұзылды деп танылып, атап айтқанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 56-бабының 6-тармағы бойынша департаменттің ұсынысы негізінде өтініш иесіне 4 орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленді.
Іс-шара барысында Әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы жөнінде видеоролик көрсетілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар