Астана қаласында дзюдодан республикалық турнир болып өтті. Аталмыш сайыста Степногорск қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Сергей Александров өз қарсыластарынан басым түсіп, алтын медальді еншіледі.
Бұл жарысқа Степногорск қаласынан Сергейден басқа, тағы да үш спортшы қатысты. Солардың арасында 38 келі салмақта күреске шыққан дзюдошы Денис Егоров Астана қаласынан сынға түскен қарсыласына ғана есе жіберіп алып, күміс медальмен марапатталды.
Бұл балаларды өз ісінің кәсіби шебері Виталий Ищенко жаттықтырады.
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.