ЦЕЛИНОГРАД.
«SAMHAT» аяқ киім фабрикасы Алматы қаласында өткен 9-шы халықаралық SHOESSTAR-ASIA аяқ киім және былғары галантерея көрмесіне қатысты.
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ұйымдастырылған «Күз – қыс 2018-2019» коллекциясы көрмесінде жерлестеріміз ерлер мен әйелдер аяқ киімі үлгісінің жаңа түрлерін таныстырды. «SAMHAT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы 2008 жылдан басталғанымен, кәсіпорынның серпінді жұмыс істейтін шағы енді туғандай.
Кәсіпорын басшысы Самал Тілеубаева фабрика негізінен қорғаныс саласының мемлекеттік тапсырысын орындайды дейді. Кәсіпорынның жылдық қуаты 500 мың жұп аяқ киім тігуге жетеді. Өндірісте отандық және шетелдің сапалы былғарысы, экологиялық таза шикізаттар қолданылады. Халықарлық SHOESSTAR аяқ киім көрмесі жылына екі рет ұйымдастырылады. Осыған дейін ол Екатеринбург, Новосібір, Хабаровск, Иркутск, Краснодар, Ялта, Баку және жақында Алматы қалаларында өтті.