ЕСІЛ.
№3 орта мектепте Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Анатолий Господарьдың құрметіне балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында 11-ші баскетбол турнирі өтуде.
Жарысқа Ақтөбе, Қостанай облыстарынан және Сандықтау, Есіл аудандарындағы балалар үйінің командалары қатысуда. Жарыстың ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Дәуренбек Нұрлыбеков А.Господарьдың өңірде бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Турнирді ұйымдастырушы облыстық мәслихаттың депутаты Анатолий Господарь да өзінің әкесі туралы жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, жарысқа қатысушылар мен ұйымдастыру жағынан қолдау білдіргендерге шынайы алғысын айтты.
Жарыстың алғашқы күні Сандықтау мен Есіл ауданының құрама командалары өзара күш сынасты.