Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан жастары: «Жаңа әлемге жол саламыз!» - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан жастары: «Жаңа әлемге жол саламыз!»

Жуырда Астана қаласында «Жас Отан» жастар қанатының кезекті 4-ші съезі өткен болатын. Съездің «Жаңа әлемге жол саламыз» деп аталуының өзі Қазақстан жастарының жаңа білім мен инновацияға деген ұмтылысын аңғартады. Осы орайда, біз шараға облысымыздан барған бірқатар делегаттармен жолығып, алған әсерлерін сұрап білген едік.

Айта кетейік, біздің облысымыздан съезд жұмысына 44 адам қатысты. Оның ішінде 34-і делегат, қалған оны съезге қонақ ретінде шақырылды. Солардың бірі Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы, облыс орталығындағы «Феникс» еріктілер орталығының жетекшісі Айым Көшенова.
– Осындай кең ауқымда өткен жиынға бірінші рет қатыстым. Мен үшін үлкен мәртебе. Еліміздің түкпір-түкпірінен 1500-ден астам жас қазақстандықтардың басын қосқан «Жас Отанның» кезекті 4-ші съезі өте жоғары деңгейде өтті. Шарадан сондай керемет әсер алдым. «Отызда орда бұзар» демекші, жас болса да, еліміздің игілігі үшін еңбектеніп, талай асуларды бағындырып жүрген көшбасшы жастарды көріп, мен де солардың өкшесін бассам деген ізгі ниетпен оралдым. Мұндай басқосулар жастарға тек оң ықпал етеді, – деп ойлаймын дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірті. Екі күнге созылған съезд барысында жастар Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік ревоюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған биылғы Жолдауында айтылған мәселелерді талқылау, жүзеге асыру үшін жобалар ойластыру мақсатында бес топқа бөлініп, пікір алмасқан.
Жастар, рухани жаңғыру, цифрлы Қазақстан, салауатты ұрпақ, білім және Қазақстанда жасалған тақырыптары бойынша жобалар қорғады. «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Айым Көшенова бізбен әңгіме барысында съездің «Білім» тақырыбындағы сессиясына қатысқанын, онда білім министрлігінің өкілдері елімізде білім саласында жүргізіліп жатқан реформалар жөнінде толық ақпарат беріп, әсіресе, үстіміздегі жылы білім гранттарының көбейетіндігіне риза екендігін жеткізді. Талапты жас мұның барлығы да Президентіміздің жастарға көрсетіп отырған қолдауы екендігін жақсы түсінеді. Жиында жасотандықтар пікір алмасып қана қоймай, маңызды мәселелерді шешуге өз тараптарынан үн қосуы да жастардың ел өміріне бейжай қарамайтындығын аңғартады.
Осы орайда, біз «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Аян Хафиздің де съезден алған әсері жайында білген едік.
– Съезд алғаш рет VR форматында көрсетілді. Бұл технология кез келген интернет пайдаланушысына залдағы көріністің барлығын 360 градус айналасында көруіне мүмкіндік береді. Съезден жастардың қоғамдағы рөлінің артқанына, үкімет басындағылардың олардың ой-пікірімен санасуына, қазіргі заманға сай бәсекеге қабілетті жастардың көбейіп келе жатқанына куә болдық, – дейді ол.

Венера Ысқақова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар