Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Mәңгілік eл - АРҚА АЖАРЫ

Mәңгілік eл

Мәңгілік ел – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай салынып, 2011 жылы 16 желтоқсанда ашылған мәдени ескерткіш.
Қақпаның биіктігі – 21,5 метр, ені – 13 метр. «Алтын кесік» сәулет заңына дәлме-дәл келу «Мәңгілік ел» салтанат қақпасына біртекті пропорция берді. Астыңғы жағында биіктігі 4,4 метрді құрайтын көлемді мүсіндер орналастырылған. Қақпаның сол жағына қазақ ұлтының санасында ертеден қалыптасқан – даналықтың, данышпандықтың, ғұламалықтың нышаны, халықтың рухы мен ойының қорғаушысы – Ақсақалдың мүсіні орын тепті.
Отбасының ұйытқысы – Әйел-Ананың мүсіні «Отан-Ана», «Жер-Ана», «Ана Тілі» сияқты ұлттық құндылықтарын белгілейді. Салтанат қақпасына қаладан шыға беріс жағынан қарайтын болсақ, оның сол жақ бөлігінде көшпелі жауынгердің, ал оң жағында қазіргі қазақстандық әскери қызметкердің сұлбалары орналастырылды. Жауынгердің мүсіні қазақ батырларының ерліктері мен қайсарлығын көрсетеді, ал оның стилистикалық кейпі Аңырақай шайқасы кезеңіне сәйкес келеді. Осы аталған әрбір мүсіннің астында қазақтың шежірелі – «Мәңгілік» белгісі бар. Түркі халқы «мәңгілік» белгісі барлық жамандықтан қорғап, жарық, жылу, өмір және жақсылық әкеледі деп сенген. Әрбір мүсіннің жоғары жағында мемлекеттің Елтаңбасы орналастырылды. Композицияның үстіңгі маңдайшасында «Мәңгілік Ел» деген жазуы бар. Ал, ең жоғары бөлігі Көк байрағымызда қолданылған күрделі ою-өрнектермен әсемделді. Осында Туымыздағы күн мен қыран құс бедерленді.
Символикалар тілінде бүркіт мүсіні мемлекеттік билікті, кеңдік пен көрегендікті білдіреді. Ұлтымыздың түсінігінде қыран құс қашан да бостандықтың, тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке, болашаққа деген ұмтылушылықтың нышаны болып келді. Бүйір беттерінде сондай-ақ, ойшықтар бар. Оның бір жақ бетінде түркі халқы үшін ауызбіршілік, қонақжайлық пен молшылықтың мағынасы бар – «Тайқазан» мүсінінің бір бөлігі орналасқан. Бүйір қабырғаларының ортасында қазақ сарбаздарының «Қалқан» қорғанышы орналастырылып, күрделі қазақ оюларымен әшекейленген. Қалқан – ықылым заманнан бері қауіптен қорғанушылық, беріктік, табандылық пен жеңісті білдірді. Қалқанмен үйге оралу жеңістің белгісі болған. Ішінде екі жағынан әрқайсысының көлемі 7×3,5 метрді құрайтын рельеф паносымен безендірілген қақпа қуысы бар. Олардың бірінің сюжет желісі қазақ халқының «Сақ» – «Түркі» – «Қыпшақ» – «Қазақ» тарихи даму кезеңдерінен көрініс береді.
Паноның екінші жағындағы тақырып халықтың басты байлығы – Ақ орда, Бәйтерек және бүгінгі күннің басқа да нысандары арқылы ашылатын Тәуелсіздікке арналған. Жастар өкілдерінің рельефтік бейнелері болашаққа деген ұмтылысты білдіреді. Ал, Қазақстан Республикасы Конституциясының алғашқы бабынан алынған «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары», үзіндісі – композицияның идеологиялық түйінін жасайды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев қақпаның ашылу салтанатында: «Біз бұл тамаша Жасампаздық қақпасын біздің еңбегіміздің, біздің табыстарымыздың белгісі ретінде, болашаққа өтудегі белгіміз ретінде тұрғыздық. Қақпа біздің жас, әсем елордамыз – Астананың тағы бір символына айналатын болады. Біздің береке-бірлігіміз, біздің достығымыз, біздің көпұлтты мемлекетіміздегі өзара сенім бізді үлкен жеңістерге жеткізді. Біз бүгін осы жерге ұлы мерекені – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту үшін келіп тұрмыз. Мен барлығыңызды осы мерекемен құттықтаймын. Халқымызға жақсылық, бақыт, әрбір отбасына амандық тілеймін! Қазақстан жасасын! Тәуелсіздік жасасын! Қазақстандықтардың бірлігі жасасын! Мерекелеріңізбен!», – деген екен. Біз де еліміздің оты мәңгілікке сөнбесін деп тілейік!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар