ЕЦ-166/25 мекемесінде сотталғандар арасында моральдық құндылықтарды қалыптастыруға, айналаға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған үлкен жұмыстар атқарылып келеді.
Тәжірибе көрсеткеніндей, әрқашанда сотталушыларды түзетуге оң әсерін тигізетін осындай іс-шаралардың маңызы өте зор. Осыған байланысты, сотталушылардың өз отбасыларымен және туыстарымен байланысын нығайту мақсатында ЕЦ-166/25 мекемесінде Наурыз мейрамы құрметіне ашық есік күні өтті. Онда сотталғандардың туыстары осындағы мектептің жайымен, оқушылар мен сыныптар саны, сабақ тәртібімен танысты. Одан әрі Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт те өткізілді. Концерттің соңында көпшілік осындай шара өткізгені үшін ризашылықтарын білдіріп жатты. «Ашық есік күні» іс-шарасының соңында бастықтың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы, әділет капитаны Сұлтан Құсайыновтың қатысуымен акт залында сотталғандардың туыстарымен арнайы кездесу ұйымдастырылып, онда жұртшылықты толғандырған әртүрлі сұрақтарға жауап берілді.
Ирина КОРОЛЮК,
ЕЦ-166/25 мекемесінің
бөлім бастығы, әділет майоры.