Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ білсін! - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ білсін!

Адамды бұзатын не? Тағы сол атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз – еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені, қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала – бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді – елу жас па, жүз бе, бәрібір оны – аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек!
Бауыржан МОМЫШҰЛЫ.

Қазақ тұзды бейберекет шашпайды. Себебі, барлық тағамның тұзсыз дәмі жоқ. «Астың иманы – тұз» деп қарайды. Тұз төгілсе – ырыс төгіледі, дәм шамданады, ас азаяды. Жерге төгілген тұз еріп жоғалғанша сол жерге тұзды төккен адам тұздай ащы тұрмыс кешіреді деп ырымдайды.
***
Қазанды есік жаққа қаратып қисайта аспайды. Ол құласа: «Несібе төгіледі, ырыс шайқалады, ас азайып, дән далаға қашады. Отқа төгіліп, дән күйеді. Күл астында қалады. Қазан шайқалса – ырыс шамданады» деп ырымдайды.
***
Шәугімнің шүмегін ошақтың аузына қаратып аспайды. Шай тасыса – отқа тұз құйылып, күйеді. Тұз күйсе – үйдегі қыз ащы азап арқалайды деп ырымдалады. «Тұз – астың иманы, қыз – үйдің көркі». Дәм-тұз ауыспақ қыздан. Тұз шамданса – қыз шамданады. Дәм-тұз атқан адам өмір бойы оңбайды деп, сол ырымға нанады.
***
Жайшылықта мініс атының жал-құйрығы күзелмейді. Себебі, ат иесі өлсе – оның мініс аты тұлданып, жал-құйрығы күзеледі, қаралы күйге келтіріледі. Сондықтан, жайшылықтағы мініс ат сондай күйде көрінбесін дегені.
***
Ауылдан атқа мініп аттанғанда артынан ит ере шықса, қуалап зорлықпен кері қайтармайды. Өйткені, ит иесіне опадар. Мүмкін, жолы болар, сапары оң болар деп, жақсылыққа жориды.
***
Жүкті әйел шашын кеспейді. Өйткені, мұндай қылықтан бақ таяды, іштегі баланың бақыты сөнеді, кемтар туылады, қол-аяғы қысқа болады деп ырымдалады.
***
Қазақ қыз баланы қорламайды. Қыз – ару, болашақ ана. Ұрпақ қыз арқылы өрбиді. «Қыздың жолы жіңішке», «Қыз назы қырық кісіні мас қылады», «Қыз – жат жұрттық» деп әздектейді. «Қыздың қабағында құт бар. Қыз қабағы күрең тартса – ел жұтқа шалдығады. Қыздың қабағы күлімдесе – құт қонады. Қызды қорлаған қызыл шақасынан айырылады. Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді. Қызды жылатқанның қырсығы қырық есекке жүк болады» – деп ырымдап, қыз баланы адамның бақытына балайды.
***
Қонақ боп барған үйінде қызды төрге отырғызады. Себебі, «қызда қырық көліктік бақыт бар». Төрде отырса сол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады. «Қызда қырық қырсық та бар». Босағада отырса – сол қырсық сол үйде қалады. «Қызда оттай ыстық мейір бар». Төрде отырса – сол мейір сол үйге бағышталады. «Қызда мұздай суық ызғар да бар». Есік жақта отырса ызғар сол үйді шалады. «Қызда қырық періште бар». Төрде отырса, сол періштелер сол үйге қонады. «Қызда қырық сайтан да бар». Есік жақта отырса, сайтандар сол үйде қалады. Осындай ырымдардың салқынынан қалтырап, ыстығына қуанады. «Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» дейтін мәтел осындай ырымдардың жемісі болар.
***
Соғымға сойылған малдың сүйегін далаға шашып тас-
тамайды. Таза жерде сақталады. Себебі, соғым сүйегінде астың құты тұрады. Соғымға да малдың қасиеттісін, семізін сояды. Сүйекті далаға шашып тастаса, қорадағы малға ит-құс шауып, тыным бермейді. Мал ақ сүйек жұтқа, апатқа ұшырайды деп ырымдалады. Қыстай жиналған сүйек-саяқ жазғытұрым қайнатылып, майы алынады. Сонан соң сүйектер оң жақ босағаға терең қазылып көміледі. Онысы келесі жылғы соғымға дейін жұрт қуармасын, босаға майлы болсын деген ырымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар