Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық әшекейлер – тәрбие көзі - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық әшекейлер – тәрбие көзі

Жуырда «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Ұлттық дәстүрлер оюы» этномәдени жобасы аясында осы орталықтың ұстаздар қауымының ұйымдастыруымен «Көрінер келін сұлу жүзігімен» атты этнографиялық кеш өткізілді.

Қазақстан – Еуразия құрылығындағы қайталанбас әрі таңғажайып тарихы бар ежелгі өркениет бесігі. Қандай өркениет болмасын, ең алдымен, өз тұсындағы мәдениет деңгейімен өлшенетіні баршаға белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан мәдени мұрасы өте бай ел болып табылады.
Халық әшекейлері әдеп-ғұрыпқа, салт-дәстүрге байланысты туындаған. Қазақтың көшпелі тұрмыс жағдайында адамгершілік, мейірімділік, әділдік деген ұғымдарды жастарға осындай дүниелер арқылы жеткізіп, түсіндіріп отырғаны белгілі. Осындай мәдени мұрамыз бен ұлттық дәстүріміздің қаншалықты бай екендігін таныту және қазақтың қыз-келіншектерінің ұлттық әшекейлері туралы ұғымдарын кеңейту мақсатында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында білім кешенінің мұғалімдері Г.Дауылбаева мен С.Қалиеваның ұйымдастыруымен «Көрінер келін сұлу жүзігімен» атты этнографиялық кеш өткізілді. Кеш қазақ қыздарының сәнді ұлттық киім үлгілерін көрсетуден басталып, ұлттық дәстүрімізді насихаттайтын «Білезік салу», «Алқа салу» көріністерімен жалғасты.
Халқымыздың қыз-келіншектерге арнап жасаған әшекейлері – алқа, өңіржиек, сақина, сырға, шолпы жайлы түсінік беріліп, олардың түрлері мен мәні кеңінен ашылды. Күміс көмей әншілер Бекслан Оразбек «Сырғалым», Айдын Бейсен «Шашбаулым», Жайна Тарғынова
«Ауылым», Мансұр Ғалым «Гиккай» және Мұқағали Құлмұратов «Жаса, қазақ» әндерін тамылжыта орындап, кештің сәнін келтірді. Сонымен қатар, «Шолпан» би ансамблінің мың бұралған бишілері «Қос алқа» биін билеп, Атырау облысынан келген Жанерке Еркебаева Абайдың «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңін мәнерлеп оқып берді. Кештің әсерлі өтуіне жүргізушілеріміз Нұрзәт Аукен мен Айым Тұрсынбек өз үлестерін қосты.
«Құлағыңа таққаның күміс сырға, күмбірлетіп шығасың күнде қырға», «Қыл шашын байлап қылаңдап, шашбауын байлап сылаңдап», «Көрінер ақ үй сұлу үзігімен, көрінер келін сұлу жүзігімен…» деп, ақын-жырауларымыздың шығармаларында айтылған ұлттық әшекейлеріміздің тәрбиелік мәнін кеңінен ашып, халқымыздың ісмерлері көз майын тауысып жасаған бұйымдардың қай-қайсысында болмасын адамгершіліктің ізгі жолдары жатқандығына осы кеш барысында көрермендеріміз тағы бір көз жеткізіп, өздерінің шексіз алғыстарын білдірді.

Гүлмира ДАУЫЛБАЕВА,
Салтанат ҚАЛИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар