Зеренді ауданының Раздольное ауылындағы есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы басшылығының қызметкерлер алдында қордаланып қалған 2018 жылдың 1 қаңтар және 15 сәуір аралығындағы еңбекақы бойынша 7,5 миллион теңге қарызы толық өтелді.
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының дерегі бойынша Қазақстан Рес-публикасы Үкіметінің қаулысымен Ішкі істер министрлігінің жанында жұмыс істеген есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы республикалық меншіктен облыстық әкімдікке тапсырылды.
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының бірыңғай перспективалы жос-пары шеңберінде 2018 жылдан бастап, есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы мен облыстық психикалық аурухананы қосу арқылы, аталмыш орталық «Ақмола облыстық психикалық денсаулық» ШЖҚ МКК кластеріне енгізілді.
Қазіргі кезде облыс әкімдігінің қаулысы негізінде аталған медициналық мекемелер қайта ұйымдастырылуда.
Еске сала кетейік, аталмыш орталық медициналық нысан болып табылады және есірткіге тәуелді адамдарға әлеуметтік-психологиялық, оңалту қызметтерін көрсетеді.
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы.