Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоғамдық қабылдау өткізді - АРҚА АЖАРЫ

Қоғамдық қабылдау өткізді

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында жеке бастарының мәселелері бойынша келген тұрғындарды қабылдап, мүмкіндігінше кейбір мәселелерді сол арада шешсе, бірқатар мәселелердің заң аясында қарастырылатынын айтты.

Облыс әкімінің қабылдауына алғашқы болып Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының директоры Назгүл Шәйкенова кіріп, өзі басқарып отырған ұжымдағы кадр мәселесіне қатысты туындап отырған қиындық туралы айтты. Филармонияда классика, опера, хор жанрындағы әншілерге тапшылық бар. Ал, ондай мамандарды тарту үшін ең алдымен баспана мәселесін шешу қажет.
Филармония басшысының айтуынша, ұжымда еңбек етіп жүрген талантты жастар және келуге ынталы әртістер бар. Оларды тарту үшін ең алдымен баспанамен қамту қажет. Бұл мәселені филармониямен жапсарлас салынатын қосалқы нысанның бір қабатын жатақханаға айналдыру арқылы шешуге болады деп санайды филармония басшысы. Облыс басшысы бұл мәселені шешудің мүмкіндіктерін қарастыруды қала әкімінің орынбасарына тапсырды.
Көкшетау қаласының тұрғыны Андрей Арешета жетім бала санаты бойынша 2017 жылдан бері 896-шы болып баспана кезегінде тұр. Қазіргі кезде екі айлық баласымен пәтер жалдап келеді. Әйелі өмірден озған. Ол осы мәселе бойынша қалалық әкімдікке де көмек сұрап өтінішпен жүгінген. Алайда, әкімдіктегілер оған пәтер алу мәселесі тұрғын үй заңнамасы шеңберінде ғана шешілетінін айтқан. Осы орайда, облыс әкімі М.Мырзалин пәтер алудың өзіндік тәртібі мен талабы бар екендігін еске салды.
Облыс әкімінің қабылдауына келгендерден бөлек скайп арқылы басқа өңірлерден де сауалдар қойылды. Ондағы сұрақтар негізінен ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, жол құрылысына қатысты болды.
Мәлік Мырзалин қабылдауға келген барлық азаматтардың өтініш-тілектері ескеріліп, заң аясында шешілетіндігін айта келе, азаматтардың арыз-шағымдарын бақылауға алуды тапсырды.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар