Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғын үй заңнамасы бұрмаланбасын - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғын үй заңнамасы бұрмаланбасын

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Василий Крыловтың төрағалығымен өткізілген ведомствоаралық комиссияның отырысында Көкшетау қаласындағы сәулет және қала құрылысы бөлімінің жұмысын тексеру нәтижесі қаралды.

Ведомствоаралық комиссияның мүшелері, мемлекеттік кірістер департаментінің, облыстық басқармалардың және облыстық, қалалық прокуратураның басшылары, қалалық әкімдік пен ішкі істер департаментінің өкілдері қатысқан жиында алдымен, жаңа тағайындалған облыстық мемлекеттік сәулет пен құрылысты бақылау басқармасының басшысы Бақытбек Оспанбеков таныстырылды. Облыс прокуроры облыс әкімінің атына сәулет, қала құрылысы мен құрылыс жұмысы бойынша заңнаманың сақталуы Көкшетау қаласының өкілетті органдары тарапынан бақыланбайтынын, соның салдарынан облыс орталығында тұрғын үй құрылысында заңнаманың бұзылатыны жөнінде ұсыныс хат жіберген.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс жұмысы жөнінде заңнаманың сақталу мәселесі бойынша Көкшетау қаласындағы сәулет және қала құрылысы бөлімінің жұмысын тексеру нәтижелері жөнінде қала әкімінің орынбасары Иван Юрченко мен қала прокурорының орынбасары Талғат Оспанов, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Владимир Фелбелт баяндап берді. Көкшетау қалалық әкімдігі «Қазақстан Рес-публикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс жұмысы жөніндегі» ҚР Заңының сақталуын дұрыс бақыламай отыр. Бұл жағдай облыс орталығындағы жергілікті атқарушы органдарда қызмет ететін лауазымды тұлғалардың өз қызметтік міндетін орындауға атүсті қарайтынына жол беруде. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Көкшетау қаласының әкіміне тиісті баға берілетін болады. «Көкшетау қаласындағы орын алған заң бұзушылықтар үшін жер телімі берілгеннен бастап, нысанды пайдалануға бергенге дейін құрылыс саласында, әсіресе, тұрғын үй құрылысында заңнаманың сақталуына өкілетті облыстық басқарма басшыларынан жауапкершілік шарасы алынып тас-талмайды. Мемлекеттік сәулет пен құрылысты бақылау басқармасы бұл ұсынысты қабылдап, ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында қарауға енгізуі қажет»,–деді өңір басшысының орынбасары өз сөзінде.
Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданы шеңберінде «Жібек жолы 2017» тұтынушы кооперативіне саяжай құрылысына деп бөлінген жер телімдерін орналастыруды жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары ерекше назарда ұстауы қажет. Саяжайларда жасырын жекеменшік тұрғын үй құрылысы жүргізілмеуі тиіс. Ведомствоаралық комиссия мүшелері өз бағыты бойынша бұл мәселені бақылауға алды. Бұл бағытта бұқаралық ақпарат құралдары да жұмыс істейтін болды. Облыс әкімінің атына «Отау құрылысы» серіктестігінің бас директоры Қуаныш Байдәулетұлының өтініші келіп түскен. Осы орайда, жиналыста «Отау құрылысы» серіктестігі өкілінің мәселесі тыңдалып, талқыланды. Өтініш хатта белгіленген проб-лема бойынша облыс әкіміне қызметтік хат жазылған. Мұнда серіктестіктің проблемасын шешу жөнінде ұсыныс жасалды. Өңір басшысы хатты қарап, облыс әкімінің орынбасары мен Көкшетау қаласының әкіміне жобаны жүзеге асыру үшін және аталмыш үйдің құрылыс учаскесіне коммуникация құрылысы үшін арнайы құжат жасауды аяқтауға қаржы бөлу мәселесін қарау жөнінде тапсырма берді.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар