Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Таза болсын табиғат! - АРҚА АЖАРЫ

Таза болсын табиғат!

Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаға сүйіспеншілік – қоғам мүшелерінің басты құндылығы. Осынау асыл қағиданы жасөспірімдер тәрбиесінің тұтқасына айналдырудың маңызы зор. «Ақмола облыстық экология департаменті» мемлекеттік мекемесі «Мирас» балалардың қоғамдық қайырымдылық қорымен бірлесіп ұйымдастырған көрме-байқау бұл мәселенің өзектілігін білдіреді.

Қылқалам әуесқойларының табиғат тақырыбындағы суреттері, компьютерлік фото таныстырымдары, фото коллаждары балалардың экологиялық білім-танымдарын айшықтайды.
Балалардың қиял әлемі өздері сияқты, олар айрықша құрметтейтін қоршаған орта іспетті мөп-мөлдір, тұп-тұнық екендігі көрмеге қойылған барлық еңбектерден байқалып тұрғаны ғанибет. Олар көгілдір аспан, күлімдеген күнді бейнелеуге бейім тұрады екен. Полотнолардың басым көпшілігінде қаланың зәулім құрылыстары, ауылдың әсем үйлері көрініс тапқан.
Мұның мәнісін сұрағанымызда, «Табиғат туған үйіміз, оны өзіміз тұрып жатқан үйіміздей кіршіксіз таза ұстауымыз, бұл үйде алаңсыз еңбектеніп, қуанышқа бөленуіміз керек» деген ортақ жауап алдық.
Республикалық Энергетика министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитеті бастамашы болған көрме-байқауға қатысушылардың барлығы арнайы дипломдармен, сый-сауғамен марапатталғанына көрермен түгел ризалықпен қол соқты.
Әйткенмен, байқау болған соң, жеңімпаздар да болатыны бар ғой. Балалардың мерейі тасып, талпына түссін деген ниетпен жүлдегерлерді түгел атап шыққанды жөн көрдік. Сонымен, Сандықтау балалар үйінің тәрбиеленушісі Александра Абдуллина Гран-при, балалардың «Мұрагер» аулалық клубының мүшесі Жания Ренатова 1-орын, сандықтаулық Тимур Қабылдинов 2-орын, Ақкөл ауданындағы №1 балалар үйінің өкілі Виктория Мұсабаева 3-орын иегерлері атанды.
Көрме-байқаудың ұйымдастыру комитеті республикалық конкурсқа жолданатын үздік жұмысты анықтайтын болады.

Қазақстан Республикасының Экология күні кәсіби мерекесі аясындағы игі шараға облыстағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі 31 жасөспірім қатысты. Аталған көрмеге бес білім ордасының іріктеу байқауларында жеңімпаз атанған 27 жұмыс қойылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар