Кеше Көкшетау қаласындағы теміржол вокзалында Шымкент және Тараз қалаларында өткізілген триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарында жүлделі орындарға ие болған Ақмола триатлоншыларын салтанатты жағдайда қарсы алды.
Үстіміздегі жылдың 15 сәуірінде ҚР чемпионатының келесі кезеңінде триатлон бойынша (супер-спринт: 300 метрге жүзу, 8 шақырымға веложарыс, 2 шақырымға жүгіру) командалық есепте жерлес спортшылар 1-орынды жеңіп алды.
Бұл жарысқа үш топтағы жасөспірімдер мен «Элита» санаттарындағы 70-тен астам спортшылар қатысты. Онда Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қостанай және Астана мен Алматы қалаларының 23 жастан асқан жүздеген спортшылары бақ сынасты.
Қыздар арасындағы жеке жарыс-
та Надежда Бекмағамбетова, ал, ерлер арасында Аян Бейсенбаев (жаттықтырушысы Ю.Соловьев) ерекше көзге түсті. Тарқатып айтар болсақ, Арман Қыдыртаев, Темірлан Теміровтер екінші, үшінші орындардан көрінсе, жасөспірімдер арасында Александр Евтушенко, Дэнис Туницкий, қыздардан Надежда Бекмағамбетова Наталья Короткова, Ашраф Камаловалар (жаттықтырушылары С.Пихидько) екінші, үшінші орындарға жайғасты. Ал, жекелеген спринт (жабық бассейнде 300 метр жүзу, 8 шақырымға жүгіру) жарыстары бойынша Анас-
тасия Мильбрат, Арина Пихидько, Камила Темірбекова, ұлдар арасында Максим Шмулич, Ілияс Әлиев, Даниил Кучарский (жаттықтырушылары К.Гидич) жеңімпаздар сапынан табылды.
Жарыс жеңімпаздары Гонконгта өтетін Азия чемпионаттарына, сондай-ақ, ағымдағы жылдың 20 мамырында басталатын Әлем кубогына қатысады.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.