Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғындар өтініші бақылауда - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғындар өтініші бақылауда

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин жеке мәселелерiмен келген азаматтарды қабылдап, сауалдарына құлақ түрді.

Бұл жолы қоғамдық қабылдауда болған тұрғындар өңiр басшысы алдында әлеуметтік және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласы төңірегінде туындаған мәселелерді көтерді. Көкшетау қаласының тұрғыны Сұлтан Есілбаев Буденный 60 мекен-жайы бойынша тұрғын үй ауласын абаттандыру туралы тұрғындардың өтінішін жетізді. Оның айтуына қарағанда, аталмыш тұрғын үй ауласына биылғы жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Жоба бойынша көшемен қоса, жаяулар жолы, жаға тастар да ауыстырылады. Сонымен қатар, жолдың Капцевич және Пушкин көшелері жағынан кіре беріс тұсы да жөнделеді.

Ал, Аршалы ауданының тұрғыны Динара Сманова болса, өз басқаратын мектепке дейінгі білім беру мекемесі «Болашақ» шағын орталығын білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруға атсалысуға шақырды. Динара Бауыржанқызы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуінде осы мәселені көтерген болатын. Сол кезде Аршалы ауданының әкімдігі оны шешуге әуде берген еді. Алайда, қазіргі кезде бұл мәселе шешімін табар түрі жоқ. Сондықтан, Динара Сманова облыс әкіміне жүгініп отыр.

«Жекеменшік «Болашақ» шағын орталығы өткен жылдың қараша айында ашылған болатын. Осы күні Жібек жолы ауылында мектепке дейінгі жастағы 490 бала тіркелген болса, оның 40 біздің орталықта тәрбиеленуде. Қазіргі кезде орталыққа балалар алаңы қажет. Бірақ оны салу үшін қаржының жоқтығы қол байлау болып отыр», деп түсіндірді Динара Сманова.

Облыс әкімі оған мемлекеттік жекеменшік серіктестік шеңберінде келісімшарт жасау жөнінде ұсыныс жасады. Ал, мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржы бөлу мәселесі алдағы уақытта шешілетін айтып сендірді. Сонымен қатар, әкімінің қабылдауында болғандар мемлекеттік тапсырыс алу, биографиялық кітап шығару және заңды құжаттарды жарамсыз деп тану туралы өтініш-тілектерін білдірді.

Облыс басшысы қабылдауға келген тұрғындардың әрбірінің сауалын тыңдай келе, барлық өтiнiштердi бақылауға алып, аудан және қала әкімдеріне тиiстi тапсырмалар беретінін жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар