Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміровтің Отан қорғаушылар және Жеңіс күнімен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміровтің Отан қорғаушылар және Жеңіс күнімен құттықтауы

Ақмола облысының тұрғындары! Қадірлі ер азаматтар! Сіздерді Отан қорғаушылар және Ұлы Отан соғысының Жеңісі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адамзат тарихындағы ең бір сұрапыл соғыста Отан үшін, келер ұрпақ үшін жан аямай шайқасқан ардагерлерімізге құрмет пен тағзым ете отырып, бейбітшілік пен береке-бірлік елімізге тірек болсын деймін. Ардагерлер өмірлерінің ең қызықты жастық шағын қан майданда бастарын қатерге байлап, толарсақтан саз кешіп, Отан қорғауға арнады. Тыл еңбеккерлері шарт буынып, уақтпен санаспай шаруаның қосын тартты. Сол қиын сәттегі ынтымақ, ел басына күн туған ауыр шақтағы Отанға деген ұлы махаббат болмағанда Ұлы Жеңіске жету мүмкін болмас еді. Сондықтан да, Махамбет бабамыз айтпақшы «Қара қазан, сары бала қамы үшін», Мұқағали ақын айтқандай «Арқа тұтып сүйенер Қазақстан» үшін, батыр Бауыржан жазғандай «Оттан да ыстық Отан үшін» біздің алдыңғы аға буын ағаларымыз аянып қалған жоқ. Қазіргі бейбіт өміріміз үшін де біз сол ардагерлерімізге қарыздармыз.

Қолына қару ұстап елімізге еңселі жеңіс туы мен азаттық әкелген батыр ерлеріміз бен әзиз-аналарымыз әрқашан көңіліміздің төрінде! Біз ақсақалдарын сыйлап, қарияларын қастерлеп өскен халықпыз. Ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған еліміз бен ұлан ғайыр жеріміз халықтың бірлігі мен ынтымағының арқасында бүгінде тәуелсіз ел атанып, шебі бүтін, шекарасы берік қасиетті қазақ жері әлемді өзіне қаратып отыр.

Құрметті азаматтар, ардақты ардагерлер! Осы мерейлі мерекелер қарсаңында отбасыларыңызға амандық, ырыс-береке, ынтымақ, бірлік, мол табыс тілеймін. Аспанымыз ашық болып, көгімізде көк туымыз мәңгі желбіреп, қыранымыз қалықтай берсін! Еліміздің еңсесі биіктеп, абыройы арта берсін! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ізгі тілекпен:
Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар