Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бурабай – ЮНЕСКО назарында - АРҚА АЖАРЫ

Бурабай – ЮНЕСКО назарында

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин өңірімізге жұмыс сапарымен келген ЮНЕСКО-ның ғаламдық геопарктері бойынша Қазақстанның ұлттық комитеті басшыларымен кездесіп, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін ғаламдық геопарктер тізіміне енгізу жөніндегі мәселелерді талқылады.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажары»

ЮНЕСКО-ның ғаламдық геопарктері бойынша Қазақстанның ұлттық комитетінің төрайымы Диляра Вудвордтың айтуынша, Геопарктер тұжырымдамасы 90-шы жылдардың ортасында дүниеге келген. Оның мақсаты Жер тарихындағы геологиялық маңызы зор аудандардағы құндылықтарды арттыру және қорғау болып табылады. 2004 жылы ЮНЕСКО тарапынан жасалған қолдаудың арқасында Еуропаның 17 және Қытайдың 8 геопаркі біріктіріліп, ғаламдық геопарктер желесі құрылды. 2014 жылы аталмыш желі 100-ден астам ғаламдық геопарктерді біріктіріп, заңды мәртебе алды.
– Ақмола облысындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ЮНЕСКО-ның ғаламдық геопарктері тізіміне енуіне мүмкіндігі зор. Біз осы мақсатта жергілікті билікпен халықаралық ұйымның талаптарына сай құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын қолға алуды көздеп отырмыз. Егер осы тізімге енетін болса, онда курортты аймақ туралы ақпараттар халықаралық сайттар мен анықтамаларда жарияланатын болады. Бұл өз кезегінде туристер ағынын арттырады, – дейді Диляра Вудворд.
Ал аталмыш парктің директоры Әліби Ғазиздің сөзінше, қазіргі кезде парктің аумағында орналасқан елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, абаттандыру, ағаш отырғызу және жергілікті тұрғындарға түсіндіру шаралары жүргізілуде және жақын күндері жер қойнауын зерттеу мен шекарасын нақтылау жұмыстары қолға алынбақшы.
Облыс әкімі бұл көтеріліп отырған мәселенің Щучинск – Бурабай курортты аймағын дамытуда маңызды екен атап өтті. Осы мақсатта облыс әкімдігі тарапынан жұмыс тобын құрып, құжаттарды рәсімдеу шараларын ширатуды тапсырды.
– «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіннің ЮНЕСКО-ның ғаламдық геопарктер тізіміне енуі ең алдымен, сол жерде тұратын жергілікті тұрғындар үшін тиімді болмақшы. Бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан, біз өз тарапымыздан курортты аймақтың ғаламдық деңгейге шығуына барлық жағдай жасайтын боламыз, – деп атап өтті Мәлік Мырзалин.
Қазіргі кезде, аталған халықаралық ұйымның құрамына 33 елдегі 120 геопарк еніп отыр. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, тізімге енген бірқатар геопарктердің жедел дамығанын байқауға болады. Мәселен, Уругвайдағы Флорес провинциясы 2013 жылы геопарк мәртебесін алғаннан соң ірі туристік мекенге айналған. 2015 жылы Португалияның солтүстігіндегі шағын геопаркке жүргізілген талдау нысанның жыл сайын ел экономикасына 15 миллион еуро құятынын көрсетті. Қытай мен Жапон елінде геопарктерді дамыту арқылы ауылдық елді мекендер жақсы жағынан дамуға мүмкіндік алған.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар