Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің құттықтауы

Құрметті соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері!
Қадірлі ақмолалықтар!
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңістің 73 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Барлығымыз үшін бұл мереке ерекше мағынаға толы, ол баға жетпес қуаныш сезімі мен жүрек сыздатар қайғыны біріктіреді. Біз сұрапыл соғыс даласында жан берген батырларымызды мәңгілік есте сақтаймыз және жеңімпаз – әскеріміздің қуаттылығы үшін тер төккен тыл еңбеккерлерінің еңбегін мақтан тұтамыз.
1945 жылғы Жеңіс – сана-сезімімізде нық орын алған – өз
Отанына деген шынайы берілгендіктің, қайтпас қаһармандылықтың және мәңгілік ерліктің жарқын белгісі. Көпұлтты Қазақстан халқы бірлігінің, өз Отанына және өз тарихына деген құрметінің нышаны. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, халық бірлігінің нәтижесінде ғана соғыста жеңіске жеттік.
Өскелең ұрпаққа өжеттілік пен ынтымақтастықтың үлгісін көрсеткен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне шынайы сүйіспеншілігімізді және терең алғысымызды білдіреміз. Ардагерлердің соғыс жылдарындағы ерлігі мен ерен еңбегі бізді бейбіт мақсаттарға, еліміздің егемендігі мен бостандығын сақтауға, оның қуаттылығын нығайтуға жетелейді.
Осы бір атаулы күні сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тілейміз. Аспанымыз әрқашан ашық болсын!

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Қадірменді жерлестер!
Сіздерді бәріміз үшін ең қымбатты ұлық мереке – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жеңіс күні – әрқашан да батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың көрінісі, Отанға деген махаббаттың сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып келді. Өзінің Отанына деген ержүректіліктің, батылдықтың және сүйіспеншіліктің айғағы ретінде мыңдаған жерлестеріміздің сол бір отты жылдардағы ел үшін жан аямай шайқасқан ерлік істерін мақтанышпен айтуға болады. 90 мыңнан астам ақмолалық Отан қорғауға аттанып, майданға қатысты. Біз соғыста қаза тапқандарды, ерлікпен елге оралғандарды мәңгі есте сақтаймыз.
Ерліктеріңіз бен қаһармандылық-тарыңыз үшін Сіздерге тағзым етеміз, ардақты ардагерлер! Ұрпаққа үлгі болғандарыңыз, үлкен адами тәжірибелеріңіз, сондай-ақ, бізге бейбіт өмір сыйлағандарыңыз үшін де үлкен рахмет!
Сіздерге денсаулық, сергектік пен ұзақ өмір тілеймін. Әрқайсысыңыз қамқорлық пен сүйіспеншілікке бөленіп, ортамызда ұзақ өмір кеше беріңіздер.
Дулат Нұрмолдин,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар