Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин қытайдың ірі мемлекеттік-инвестициялық корпорациясы өкілдерімен кездесті.
Өткен жылдың қараша айында өңір басшысы бастаған Ақмола облысының делегациясы Пекиннің инвестиция және өнеркәсіп салаларының өкілдерімен бірқатар іскерлік кездесулер өткізген болатын. Қазақстанмен көп жылдан бері жемісті әріптес болып келе жатқан «CITIC» халықаралық қытай инвестициялық корпорациясы кеше қарымта сапармен болды. Еліміздің сыртқы саясатында инвестиция тарту басым бағыттардың бірі болып табылады. Қазақстан астығының 25 пайызын өндіретін Ақмола облысы қытайдың жетекші компаниясының қызығушылығын туғызып отыр.
«CITIC» корпорациясының өкілі Гей Кайхуамен кездескен облыс әкімі ауыл, өсімдік шаруашылығы, оның ішінде ішінара майлы және басқа да дақылдар өндірісін дамыту мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысында компания өңір экономикасына тікелей инвестиция салуға жоғары қызығушылық танытты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.