Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Экспорт көлемі артып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Экспорт көлемі артып келеді

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Ақмола облысының сыртқы сауда айналымы 212,8 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,7 пайызға артып отыр.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының дерегі бойынша сыртқы сауда айналымының ішінде экспорт көлемі 105,6 миллион АҚШ долларын (31 пайыз өсімі), импорт көлемі 107,2 миллион АҚШ долларын (2,3 өсім) құрады. Облыстан сыртқа бидай және тұқым, ұн, ет, сүт өнімдері, жұмыртқа, подшипник, полиэтилен қаптары, алкогольсіз сусындар экспортталады. Ет өнімдерін Қорғалжын ауданындағы «Астана-Агропродукт» ет комбинаты «Бакара» брендімен ет өнімдерін Мәскеудің сауда орындарына жеткізсе, «КаzBeef» серіктестігінің өнімдері Ресейдің бірқатар өңірлеріне экспортталады. Сонымен қатар, «Milk Project» серіктестігінің сүт өнімдері мен «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының «Тұран» брендімен шығарылатын алкогольсіз сусындарына да ресейде сұраныс жоғары. Ал, «ҚазГерҚұс» серіктестігі өз өнімдерін тұрақты түрде Орталық Азия және Таяу Шығыс (Тәжікстан, Түркіменстан және Пәкістан) елдерінің нарығына шығарып келеді.
Жалпы, Ақмола облысында «ЕПК-Степногорск», «Тыныс» акционерлік қоғамдары, «Асыл-Арман», «Колутон-95» және «Урожай» серіктестіктері тәрізді кәсіпорындар экспортпен айналысады. Ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 192,2 миллиард теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 104,6 пайызға жетті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар