Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бала – бақыт, бала – байлық! - АРҚА АЖАРЫ

Бала – бақыт, бала – байлық!

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай республиканың әрбір облыс орталығында бір мезгілде музыкалық оркестрлер мен ансамбльдердің шеруі ұйымдастырылады. Ақмола облысында өтетін биылғы шеруге 24 мыңнан астам мектеп оқушылары, студенттер мен педагогтар, білім мекемелерінің қызметкерлері қатысады деп жоспарланып отыр. Балалардан құралған бірнеше барабаншылар отряды, үрлемелі оркестрлер мен ансамбльдер, би ұжымдары салтанатты шарада жүріп өтеді.

Салтанатты шеру – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыра отырып, өскелең ұрпаққа эстетикалық және патриоттық тәрбие беруді көздейді. Сондай-ақ, жалпыұлттық идеяны дамыту және қолдау болып табылды. Оған қоса, кең көлемде өтетін республикалық акция – барлық білім беру ұйымдарын біріктіріп, өзара ынтымақтастық орнатады.
Осы күні облыс орталығында, қаланың шағын аудандарында, сол секілді өңіріміздің барлық елді мекендерінде көптеген мәдени іс-шаралар, ойындар, сайыстар, түрлі-түсті бормен сурет салу конкурсы, спорт жарыс-тары ұйымдастырылатын болады. Жалпы, Балаларды қорғау күні әлемде 1950 жылдан бері тойланатынын ескерсек, бұл күнде еліміздің түпкір-түпкірінде балалар үшін түрлі шаралар ұйымдастырылып, театрландырылған қойылымдар өтеді. Бұл мереке – балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентайлардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға шақырады. Қоғамдағы кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн. Себебі, әр бала – бақытқа лайық.
Айта кету керек, қазіргі таңда облыста 24674 оқушыны қамтыған 57 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Өңірімізде 28 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері бар. Онда 12 мыңнан астам оқушылар түрлі спорттық үйірмелерге қатысады. Ал, жалпы білім беретін 4210 орта мектепте ұйымдастырылған үйірмелерге 60 мыңнан астам балалар тартылған.
Бұл күні балалар үйлерінің тәрбиеленушілері де назарсыз қалмайды. Ағымдағы жылдың 24 мамырынан балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қоғамдық қорлардың шақыруы бойынша Астана қаласына, Мәскеуге, Парижге арнайы шақырылып, әртүрлі концерттерге, фестивальдарға, спорттық іс-шараларға қатысады.
Алда көптен күткен жазғы демалыс. Ағымдағы жазғы маусымда 110 мыңнан астам оқушыны сауықтырумен және жұмыспен қамту жоспарлануда. Жұмыс туристік, спорттық-сауықтыру, шығармашылық және зияткерлік бағыты арқылы жүзеге асырылатын болады. 600-ден астам мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істейді, онда шамамен 71 мың оқушы демалады. 110 шатырлы лагерьлерде жазғы уақытта 3,5 мың жасөспірім жұмылдырылады. 2018 жылғы маусым-тамыз айларында оқушылармен және студенттермен белсенді туристік-өлкетану қызметі жоспарланып отыр. Оқушылар үшін саяхаттар мен экскурсиялар ұйымдастырылады, далалық экспедиция «Ұлы Дала – Елі» (Менің
Отаным – Қазақстан») туған өлкені зерттеу бойынша бес мыңнан астам адамды қамтып отыр. Ауылдың тыныс-тіршілігін зерттеуге, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды үйрену мақсатында «Бір апта ауылда» тақырыбында өтетін мәдени шараға 100-ден астам оқушы қатысатын болады. Оқу жылының аяқталуына қарамастан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру іс-шаралар бойынша жалғасуда. Отбасылық құндылықтарды сақтау, балалардың бойында көшбасшылық қасиеттерін дамыту мақсатында көптеген танымы зор іс-шаралар өткізіледі. Атап өткен шаралардың барлығы бабаларымыздың саналы тәрбие, сапалы білім алуы үшін жасалып жатқан игі істер.
Халықаралық балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі деп есептеуіміз керек. Себебі, адамзаттың алдында тұрған зор міндет болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.
Наталья СТЕПАНОВА,
Ақмола облыстық білім басқармасының қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар