Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қатаң тосқауыл қойылсын - АРҚА АЖАРЫ

Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қатаң тосқауыл қойылсын

Кеше облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың төрайымдылық етуімен мемлекеттік органдардың нашақорлықтың және есірткі бизнесінің алдын алуға бағытталған жұмысын үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың отырысы болып өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – облыста нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы атқарылып жатқан шаралар туралы Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Жанат Нұрғалиевтің баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, өткен жылы облыс аумағында есірткі таратуға байланысты 93 қылмыс тіркелген. Сонымен қатар, есірткі заттарын заңсыз сақтауға қатысты 179 факті әшкереленіп, 768 келіден астам есірткі заты тәркіленген.
Ал, үстіміздегі жылдың алғашқы бес айында департамент қызметкерлері 62 қылмыстың бетін ашқан. Штаб отырысында қазіргі таңда көрші облыстарда есірткінің жаңа түрлері пайда болып, оны әсіресе, жастар көп жиналатын орындарда, түнгі клубтарда тарату фактілері орын алғаны жайлы айтылды. Бұдан бөлек, жастарға есірткінің денсаулыққа зиян еместігі жөнінде әлеуметтік желілерде ақпарат тарату жиілеп кеткен.
Қазіргі таңда облыс бойынша есірткіге тәуелді 619 адам диспансерлік есепте тұр. Оның 50-і әйел адам және үшеуі жасөспірім. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенованың, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Тимур Ысқақовтың баяндамаларында да нашақорлыққа қарсы қолға алынып жатқан шаралар жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Маусым айында облысымызда нашақорлыққа қарсы айлық өткізіп, соның аясында спорттық-бұқаралық шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Штаб отырысын қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова бірқатар ведомство басшыларына осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыруды тапсырып, халықты ақпараттандыруда әлеуметтік желілердің көмегіне жүгінуге кеңес берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар