Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бюджеттің орындалуы – қалыпты дамуымыздың кепілі - АРҚА АЖАРЫ

Бюджеттің орындалуы – қалыпты дамуымыздың кепілі

Алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың жиырма бірінші сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Мəлік Мырзалин қатысты.

Сессияда 2017 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы және жергілікті полиция қызметінің тұрғындар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күресті күшейту шаралары бойынша атқарылған жұмыстары талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия жұмысына облыстық мәслихаттың депутаттары, аудан және қала әкімдері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Алдымен өңірдегі әлеуметтік басты мәселелерді шешуде өткен жылғы облыстық бюджеттің орындалуына назар аударылды. Бұл туралы облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов баяндама жасады. Бюджет қаржысы есебінен көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемалар шешілген. Қаржының көпшілігі білім беру, денсаулық сақтау, ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, транспорт, инфрақұрылым, тұрғын үй құрылысы нысандарын дамытуға бағытталды. Қолданылған шаралардың арқасында жергілікті өнім көлемін 1406,7 миллиард теңге мөлшерінде қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.
Сонымен қатар, баяндамашы бюджетті орындауда біраз кемшіліктер орын алғанын да атап өтті. Мәселен, барлық облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет қаражаттарын тиімді игеруді қамтамасыз еткен жоқ. Ең ірі соманы құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары игермеген. Облыс бойынша өткен жылдардың дебиторлық қарызының өтелмеген сомасы 317,8 миллион теңгені құрады.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жарыссөзде облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Нұрлан Бекенов, облыстық мәслихаттың депутаты Серік Аяғанов сөз сөйлеп, облыстық бюджеттің орындалуы барысында жетістіктерімен бірге, орын алған кемшіліктер туралы айтып берді.
Бұдан кейін облыстағы жергілікті полиция қызметінің бастығы Серік Баймұқановтың баяндамасы тыңдалды. Ол өз сөзінде былтырғы жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда жалпы, қылмыстың саны біршама азайғанын, өңірде қоғамдық тәртіп сақтау бойынша жағдай тұрақты екенін жеткізді.
Сессия соңында Көкшетау қаласы мен Степногорск қаласы, Целиноград және Ерейментау аудандарындағы бірқатар көшелер мен мекемелердің атауын қазақшаға өзгертуге қатысты және басқа да мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар