Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыс өз ретімен атқарылуда - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыс өз ретімен атқарылуда

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген әкімдік мәжілісінде биылғы көктемгі дала жұмыстарын өткізудің қорытындысы және денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселелері қаралды.

Күн тәртібіне шығарылған мәселелерді талқыламас бұрын әкімдік мәжілісінде әуелі Қорғалжын және Ерейментау аудандарына әкім болып тағайындалған Бауыржан Ғайса мен Виктор Радченко және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Ақмола облыстық палатасының төрағасы Тимур Нақыпбеков, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Бақытжан Ақан таныстырылды. Қорғалжын ауданының әкімі Бауыржан Ғайса мемлекеттік қызметші ретінде ант қабылдады. Биылғы көктемгі дала жұмыстарын өткізудің қорытындысы бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
А.Қ.Сағынбаев хабарлама жасады.
– Ауа райының жауын-шашынды болуына қарамастан, көктемгі дала жұмыстары ойдағыдай жүргізілді, – деді ол. – Биыл 4743,8 мың гектар алқапқа жаздық бидай, соның ішінде 4314,4 мың гектарға дәнді және бұршақ дақылдарын себу жоспарланса, сол егіс көлемінің барлығына да тұқым белгіленген уақытта себілді. Оған қоса, 258,4 мың гектарға майлы дақылдар егілді.
Басқарма басшысы науқанның уақытылы жүргізілуіне шаруалардың ширақ қимылы мен жанар-жағар май және ауыл шаруашылығы техникалары дайындығының арқасында қол жеткізілгенін атап өтті. Ендігі кезекте шаруалар топырақтың құнарлылығы мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда минералды тыңайтқыштарды қолдану, арамшөппен және өсімдік зиянкестерімен күреске дайындықты осы бастан қолға алмақшы. Мал азығын әзірлеу үшін де дайындықтар жүріп жатыр. Бұл мәселе бойынша Целиноград ауданының әкімі М.С.Тәткеев, Бұланды ауданының әкімі Ж.Ж.Нұркенов, Атбасар ауданының әкімі А.Ә.Қалжанов сөз сөйлеп, өз өңірлерінде атқарылған шаруа жайында айтып берді.
Көктемгі дала жұмыстарының барысын қорытындылай келіп, облыс әкімі тұқым себу науқанының ойдағыдай өткізілгендін атап көрсетті және енді пар алқаптарын жырту, егістікті химиялық жолмен өңдеу, мал азығын дайындау жұмыстарына ширақ кірісу қажеттігін атап өтті, бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Бүгінгі күннің талабына сай денсаулық сақтау саласын цифрландырудың қазіргі барысы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлама жасап, қазірдің өзінде 577 нысанның 161-і, яғни, 28 пайызының интернет желісіне қосылғандығын атап өтті. Ал, облыстағы медициналық мекемелердің компьютерлермен жабдықталу көрсеткіші 70 пайызды құрайды және республика аймақтары арасында осы көрсеткіш бойынша 14-ші орында тұр. Сондықтан, бұл бағытта жұмысты ширату қажет. Ақмола облысында 48 медициналық мекеме бар болса, соның 46-сы денсаулық сақтау басқармасының қарамағында. Олардың барлығы келер жылдан бастап толықтай электронды форматта құжат алмасуға көшетін болады.
Денсаулық саласын цифрландыру мәселесі бо-
йынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Орталық өңірлік дирекциясының жергілікті техникалық байланыс торабының директоры В.П.Мелешко да сөз сөйлеп, облыс аумағындағы қазіргі жағдайдың барысы туралы айтып берді. Қазір бұл өзекті мәселені шешудің барлық мүмкіндіктерін іске қосу қажеттігін айтқан облыс басшысы елді мекендерді, ондағы дәрігерлік пункттерді жоғары жылдамдықты интернет желілерімен қамтуды және осы заманғы дәрігерлік қызмет көрсетудің жаңа технологиясын жедел игеруді тапсырды. Сондай-ақ, әкімдік мәжілісінде қаралған барлық мәселелерге орай туындаған міндеттерді шешу үшін жауапты ведомстволардың басшыларына қолға алынған жұмыстарды ширатуды жүктеді.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар