Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеке зейнетақы шотыңызды не үшін қадағалап отыруыңыз керек? - АРҚА АЖАРЫ

Жеке зейнетақы шотыңызды не үшін қадағалап отыруыңыз керек?

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің іске қосылғанына биыл 20 жыл толды. Осы уақыт аралығында ол көптеген өзгерістерге ұшырап, дамуын әлі де жалғастырып келеді. Сонымен қатар, салымшылардың өз жинақтарын ұлғайта түсудегі рөлі арта түсуде.

1990 жылдары тәуелсіз Қазақстанда нарықтық қарым-қатынас өз күшіне енген кезде, ескі кеңестік зейнетақы жүйесі ыдырай бастаған болатын. Ұрпақтар ынтымақтастығы қағидасына негізделген бұл жүйе өз дәуірінде нәтижелі, жемісті болды. Әйтсе де, жұмыссыздықтың белең алуына және тұрғындардың қартаюына байланысты бұл жүйе тиімсіз бола бастады.
ҚР статистика жөніндегі агенттігінің 1997 жылғы мәліметтері бойынша еліміздегі жұмыс істейтін адамдар мен зейнеткерлердің ара салмағы 1,5:1 болды. Ал, халықаралық тәжірибеге сүйенетін болсақ, 1 зейнеткерге кемінде жұмыс істейтін 4 адам сәйкес келген жағдайда ғана ынтымақтастық жүйе жақсы жұмыс істей алады.
Егер жағдай сол күйінде қалар болса, жүйе күйреуге ұшырайтын еді. Сол себепті, Қазақстан зейнетақы жүйесіне реформа жасауды ұйғарды. Және ТМД елдері арасында мұны бірінші болып жүзеге асырды. Реформа авторлары халықаралық тәжірибелерді мұқият зерттеп, құрамында жинақтаушы құрамдауышы бар аралас зейнетақы жүйесін таңдады. Осыған сәйкес 1997 жылы маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енді.
Алғашында жаңа зейнеткерлік жүйенің артықшылықтары айқын байқалмады, айлық жалақының зейнетақы қорына аударылатын 10 пайыз мөлшерін адамдар салық ретінде қабылдады. Олар бұл жарналардың жеке зейнетақы шоттарында жинақталатындығын, болашақ зейнетақының осы жинақтардың есебінен төленетіндігін анық түсіне алмады.
Зейнетақы қызметтері нарығында бірінші болып Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (ГНПФ) пайда болды. Кейін біртіндеп жеке зейнетақы қорлары құрыла бастады және олар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуына маңызды үлес қосты. Мысалы, салымшылар қорды өздері таңдап, оны ауыстыруға немесе мүлдем таңдамауға құқылы болды. Бұл жағдайда зейнетақы жарналары автоматты түрде ГНПФ-қа түсетін.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары бәсекелестік ортада салымшыларға тиімді шарттар ұсынуға тырысты. Алайда олар негізінен зейнеткерлік активтерді барынша табысты және тәуекелді қаржы құралдарына инвестициялады. Құнды қағаздарын жеке қорлар сатып алған компаниялардың бір бөлігі 2007-2010 жылдары Қазақстанның қаржы нарығындағы дағдарыс кезінде дефолтқа жол берді. Сонымен қатар, кейбір қорлар тарапынан үлестес тұлғалармен көпе-көрінеу шығынды мәмілелер жасалғандығы анықталды. Сондай-ақ, жеке қорлар зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды әрқалай есепке алатын. Бұл салымшылардың бір емес бірнеше шотының болуына әкеліп соқты.
Азаматтардың жинақтарын басқару тиімді әрі қауіпсіз болуы үшін 2013 жылы ГНПФ базасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды (БЖЗҚ).
Жеке қорлардың активтері БЖЗҚ-ға берілгеннен кейін әкімшілік және операциялық шығындар қысқарды, сондай-ақ комиссиялық сыйақылардың мөлшері де екі есеге азайды.
Салымшылардың бірыңғай базасының құрылуы арқасында қате ашылған техникалық шоттардың саны қысқарды. Одан басқа, БЖЗҚ жеке қорлардан мұра болып қалған мұндай шоттардың санын азайту бойынша жұмыстарды белсенді жүргізіп келеді. Енді үлестес тұлғалармен көпе-көрінеу залалды мәмілелер жасасу тәуекелі жойылды. «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен қаржы құралдары тізіміне сәйкес, ҚР Ұлттық банкі инвестициялайды. Бұл ретте БЖЗҚ-ның құрылуы зейнетақы жүйесінің өзгеруіне әкеп соққан жоқ. Қазақстанның зейнетақы жүйесі бұрынғыдай үш деңгейден тұрады: ортақ және базалық зейнетақы, сондай-ақ жинақтаушы бөлік.
Бүгінде зейнеткерлерге мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы төленеді. Бірақ, бұл үнемі солай бола бермейді. 2040 жылдары 1998 жылға дейін еңбек өтілі болмаған адамдар зейнетке шыға бастайды. Демек, оларға ортақ зейнетақы төленбейді. Олар базалық зейнетақыны және өз жинақтары есебінен зейнетақы төлемдерін ғана алатын болады. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындауда 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі.
Зейнетақы жүйесінің барлық үш құрамдауыш бөлігін: егер 1998 жылға дейін еңбек өтіліңіз бар болса – ортақ зейнетақыны, базалық зейнетақыны және инвестициялық табыс қоса есептелген жеке жинақтарыңызды ескере отырып, болашақ зейнетақыңыздың болжамды мөлшерін enpf.kz сайтынан білуге болады.
Бұл есептеулер адамдарға дұрыс қорытынды шығаруға көмектеседі. Өйткені, болашақта жақсы зейнетақы алу үшін өзіңіздің зейнетақы шотыңыздағы жинақтарыңыздың мол болуына қазірден бастап мүдделі болуыңыз керек.
Жұмыс берушімен еңбек қарым-қатынасын дұрыс рәсімдеп, зейнетақы жарналарының қорға тұрақты аударылып тұруын қадағалаудың маңызы өте зор. Бұдан өзге қорға ерікті зейнетақы жарналарын аударып тұрған жөн. Бұл болашақта алатын зейнетақының мөлшерін ұлғайтуға септігін тигізеді.
БЖЗҚ өз тарапынан ерікті зейнетақы жоспарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүдделі және әрбір салымшыға кәсіби кеңесші болуға дайын. Егер зейнетақыны жоспарлауға жауапты қарап, БЖЗҚ мамандарының білімі мен тәжірибесін пайдаланатын болсаңыз, болашақта алар зейнетақыңыздың мөлшері де қомақты бола түсері анық.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар