Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кооперация – ауыл болашағы - АРҚА АЖАРЫ

Кооперация – ауыл болашағы

Ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттік бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, осы уақытқа дейін қаншама бағдарлама қабылданды. Сөйте тұра өкінішке қарай, біз әлі күнге дейін экспортты айтпағанда, ішкі нарығымызды төл өніммен толыққанды қамти алмай келе жатқанымыз рас. Мұның басты себебі, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлеміндегі шағын шаруашылықтардың үлес салмағының жоғарылығында екендігін айтуымыз керек. Бұл өз кезегінде өнімдерді сатуға, материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуге, қолжетімді қаржыландыруға, ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, тұрақты шикізат базасын құруға және басқа проблемаларға алып келеді. Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігіне қатысты бағамды да осы жағдайлармен байланыстыруға болады.

Аталған мәселені шешіп, ауыл шаруашылығы ынтымақтастығын дамыту мақсатында, 2015 жылдың қазанында Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңы қабылданды. Уақытпен үндес заң кішігірім басқару нысандарын ірілендіру, біріктіру және жер ресурстарын тиімді пайдалану, өндірілген өнімнің тұрақты сатылымын ұйымдастыру, сақтау, өңдеу және басқа да қызметтерді көрсетуде кооперативтік принциптердің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын іс жүзіне асыруды көздейді. Бұл үрдіс Ақмола облысында айрықша серпіліс тудырып отыр.
Өңір тұрғындары кооперация – ауыл болашағы екендігін жақсы түсінеді. Мысалы, 2016 жылы малшы қауым 14 кооперативке біріксе, қазір 46 кооператив (11 ет, 35 сүт бағыты) құрылып, 157 жаңа жұмыс орны ашылды . Несие қаржысы есебінен 23 модульді сүт қабылдау пункті, 2 қасапхана, мал азығын дайындау цехы жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, 10 сүт таситын көлік, 2 жылжымалы тоңазытқыш сатып алынды. Аталған ұжымдардың 32-сі қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Бұл кооперативтердің 20-сы жабдықтарды несие қаражатымен, ал 10 шағын құрылым өз қаржысы есебінен сатып алды. Бұған қоса, жекеменшіктік мал өнімдерін қайта өңдеу цехы жұмыс істеп тұрғанын айтқымыз келеді. Былтыр ауылдық кооперативтер мемлекет көмегімен 3241 бас ірі қараны бордақылау алаңдарына қойса, сүт бағытындағы 3472 бас құнажын сатып алынды. 2017 жылдың қорытындылары бойынша отбасылық мал бордақылау алаңдарын құру үшін 3241 бас ІҚМ-ның мал бордақылау контингенті сатып алынды, бұдан басқа, 3472 бас сүт бағытындағы ұрғашы ІҚМ сатып алынды.
Осы орайда, кооператив мүшелерінің жұмысын ынталандыру мақсатында бірқатар жеңілдіктер қарастырылғанын еске сала кеткіміз келеді. Мәселен, ет бағытында үш деңгейде қаржылай көмек беріледі. Ең алдымен, малдың азығын дайындауға мемлекет тарапынан қолдау бар. Асыл тұқымды мал асырап жатқан болса, оның бірінші деңгейінде 3000 бас ірі қара мал асырайтын болса, оған 220 теңгеден мемлекеттен қайтарымсыз қаражат беріледі. Екінші деңгейде ол 1500 басқа 170 теңгеден береді. Үшінші деңгейде 400 бастан кем болмауы керек. Одан бөлек, асыл тұқымды бұқа сатып алатын болса, оған 154 мың теңге беріледі, ол бұқаны жыл бойына асырауға, жемшөбімен қамтамасыз етуі үшін 108 мың теңге тағы беріледі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтері өндірген және дайындаған өнімнің көлемі жыл ішінде 400 тонна ет пен 8,8 мың тонна сүтті құрады. Бағдарлама іске асырыла басталғалы кооперативтік қозғалысқа 9 мыңнан астам адам тартылып отыр.
Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту бойынша жұмыс ағымдағы жылда да жалғасын тауып келеді. Биылғы ерекшелік, облыста етті мал шаруашылығын дамыту шеңберінде асыл тұқымды қара мал өсіретін ірі және орташа ауыл шаруашылығы құрылымдарының, мамандандырылған бордақылау алаңдарының және шаруашылықтардың арасында зәкірлік (үйлестіруші) кооперациялау нысандарын қолдау бойынша шаралар қабылдануда. Бастапқы кезеңде «SC Food» ЖШС, «Kaz Beef LTD» ЖШС, «Ерейментау Ақбас» ЖШС, «Agro Export LTD» ЖШС шаруашылықты жүргізуші субъектілеріне 300 асыл тұқымды бұқаны жалға тегін беру жұмысы жалғастырылып жатыр.
Мамандандырылған бордақылау алаңдарының жүктемелерін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың ішінде 10 мыңнан астам ірі қара мал сатып алынбақ. Бұл жоспарлы жүктеменің 70 па-
йызын құрайтын болады. Біздің есептеуіміз бойынша, аталған шаралардың нәтижесінде, қосымша 3000 тонна қара мал етін өндіруге қол жеткізілмек.
Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту шеңберінде өңірдің сүтті мал шаруашылығы назардан тыс қалмайтыны белгілі. Осы мақсатта облыстың 9 шаруашылығын біріктіретін «Ақмола Сүт» ауыл шаруашылығы кооперативі құнажындарды өсірумен айналысатын мамандандырылған фермасын құру жобасын іске асыруға кірісті. Аталған жоба облыста сауын малдың асыл тұқымды өзегін ілгерілетуге септігін тигізеді.
Серік Шайгөзов,
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
мал шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар