Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Жексенбай Дүйсебаев Бұланды ауданында болған іс-сапар барысында Алтынды ауылындағы Тұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебіне атбасын бұрып, мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Алтынды ауылындағы мектептің жөндеу мәселесі, атап айтқанда апатты болып танылған бір бөлігіне қатысты мәселе көп жылдан бері шешімін таба аламай тұрған еді, енді міне, ағымдағы жылдың көктемінде өңір басшысы Мәлік Мырзалиннің қолдауымен жөндеуге облыстық бюджеттен 200 миллион қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары маусым айында басталды. Қазіргі таңда құрылыс қызу қарқынмен жүргізілуде. Жобаның мердігері – «Еңбек-Өскемен» шаруашылығын жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Халық қалаулысымен бірге жөндеу нысанына Бұланды аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақманат Әлімбетова барып, жұмыстардың мән-жайы, қарқыны мен сапасы жайында сұрастырып, жұмысшылардың еңбек жағдайымен танысты.
.
Айгүл АМАНЖОЛОВА.
Бұланды ауданы.