Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мол өнім негізі – озық технология - АРҚА АЖАРЫ

Мол өнім негізі – озық технология

Целиноград ауданының Родина селосында өңір диқандарының басын қосқан «Астана-Нан» серіктестігінің алқап күні семинар-кеңесі өткізіліп, оған облыс әкімінің орынбасары Асқарбек Үйсімбаев қатысты.

Шараны ашқан облыс әкімінің орынбасары еліміздегі ең астықты аймақтардың бірі болып отырған облысымыздағы егін шаруашылығының қазіргі жайы мен жетістіктері туралы баяндады.
– Биыл өңірдің диқандары 4,7 миллион гектарға дәнді және бұршақ дақылдарын сепкен еді. Бұл былтырғы жылғы деңгейден 15,5 мың гектарға артық. Өткен жылмен салыстырғанда майлы және мал азығы дақылдарының алқабы ұлғайтылды. Мемлекет ауыл шаруашылығы саласына үнемі қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, бұл бағытқа ағымдағы жылы 29 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бүгінде өзекті мәселеге айналған жердің құнарсыздануын алқап құрылымын әртараптандыру және қазіргі заманғы технологияны қолдану арқылы шешуге болады. Бүгінгі таңда 300 мың гектар алқап әртараптандырылды. Соңғы үш жылда өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары 2 мыңнан астам өнімділігі жоғары техника сатып алды. Жыл сайын облыс диқандары бес миллион тоннадан артық астық жинау-да. Бұл облыстың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етіп қана қоймай, алыс және жақын шетелдерге 2 миллион тоннадай астықты экспорттауға мүмкіндік беруде. Өңірдегі мал шаруашылығының болашағы да зор. Республика бойынша құс етін өндіруде алдыңғы орыннан көрініп келеміз, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Осы шараны ұйымдастырып отырған «Астана-Нан» серіктестігі келесі жылы өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтпекші. Осы жылдары компания пестицидтер өндіру және сату бойынша жақсы қырынан көрінді. Серіктестік ауыл шаруашылығы үшін қажетті химиялық тыңайтқыштар өндірумен айналысады. Олар өз саласында ең үздік қазақстандық кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорынның дамуы 2011 жылдан бастау алады. Осы жылы Степногорск қаласында «Astana Nan Chemicals» cеріктестігінің «ХСЗР» өндіретін зауыты пайдалануға берілген болатын. Кәсіпорын шығарған өнім еліміздің барлық аймақтарына сатылады. Бұл жөнінде «Астана-Нан» серіктестігінің директоры Асқар Қиықов айтып берді. Өндіріс Еуропаның техникалық мамандарының бақылауымен жүргізіледі. Зауытта шығарылатын өнімнің сапасы үш рет қатаң бақылаудан өтеді.
Бүгінгі таңда «Астана-Нан» серіктестігі отандық аграршыларға химиялық тыңайтқыштар мен препараттардың 20 түрін ұсынады. Сондай-ақ,
компания өсімдікті қорғайтын дәрі-дәрмек және «Syngenta», «BASF», «Arista», «Nufarm» тұқымын әлемдік тасымалдаушылардың арнайы дистрибьюторы болып табылады.
Егін алқабын зиянкестерден қорғау маңызды агротехникалық шаралардың бірі. Осы орайда, аталмыш кәсіпорын өндіретін зиянкестерге қарсы химиялық препараттардың орны ерекше екені анық. Осы жайында шараға қатысқан шаруашылық басшылары мен ғалымдар өз ойларын айтты. Семинар-кеңестің Родина селосында өтуі де тектен-тек емес. Облыстағы ең іргелі шаруашылықтардың санатындағы Иван Сауэр жетекшілік ететін бұл серіктестік егін өсірудің барлық озық технологияларын пайдаланады.
Семинарға қатысушылар «Родина» агрофирмасы» серіктестігінің егін алқабын аралап көріп, онда қолданылып отырған озық технологиялар жайымен танысты. Сондай-ақ, «Еуразия Групп» компаниясы ұсынған «John Deere» ауыл шаруашылығы техникасының тұсаукесері болды.

Рамазан Тілеуов.
Суретті түсірген Ермұрат ДОСЫМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар