Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні - АРҚА АЖАРЫ

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Кеше облыс əкімі Мəлік Мырзалин Көкшетау қаласында өткен салтанатта Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесімен облыс тұрғындарын құттықтап, еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген ақмолалықтардың бір тобына Алғыс хаттар тапсырды. Салтанатқа қатысушылар Қазақстанның Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қалыптасу жолдары, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ мемлекетін құрудағы басты рөлі мен заманауи Астананың даму кезеңдері туралы Ресей кинорежиссері Радик Кудояровтың «Дәуірдің өзі таңдаған» атты екі сериалы деректі фильмін әсерлене тамашалады.

Мерекелік шара тәуелсіз еліміздің Әнұранымен басталды. Бұдан соң облыс əкімі Мəлік Мырзалин жиналған қауымды Конституция күні мерекесімен құттықтап, жүрекжарды жылы лебізін білдірді.
– Егеменді еліміздің барлық жеткен жетістіктері Конституциямыз бен соны негізге ала отырып дайындалған заңдар арқылы келді. 1995 жылы барша қазақстандықтардың дауыс беруі арқылы өткізілген референдум негізінде қабылданған Ата Заңымыз жаңа қоғам, жаңа экономика мен тəуелсіз мемлекет орнатуға ықпалын тигізді. Бүгінгі таңда еліміз Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында, жаңа белестерді бағындыру жолында «Қазақстан – 2050» Стратегиясы алға қойған дамыған отыз елдің санатына қосылу міндетін орындау мақсатында дамудың биіктеріне бағдар ұстауда. Жаңа бастамалар мен тың жобаларды жүзеге асыруда Ақмола облысының әлеуеті жоғары, – дей келе, облыс басшысы еселі еңбектерімен облысымыздың дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға өз қолымен Алғыс хаттарын табыс етті.
Сонымен қатар, шарада Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, Көкшетау гуманитарлық-техникалық мектеп-лицейінің директоры Наталья Дементьева сөз сөйледі.

«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар