Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астық тасымалдау – шешуші буын - АРҚА АЖАРЫ

Астық тасымалдау – шешуші буын

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен брифингте биылғы егін орағы кезінде астық тасымалдауда түйткілді мәселелерді болдырмау шаралары қарастырылды.

Биылғы жылы да облысымызда егін бітік шығып, ел ырыздығы молайғалы тұр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дерегі бойынша биыл өңірде 5,5 миллион тоннаға жуық астық жиналады деген болжам бар. Ал, енді сол мол астықты дер кезінде жинап, сақтап, кептіріп, игілікке асыру да ұшан-теңіз жұмыс. Биылғы ауа райының ерекшеліктеріне байланысты жайқалып шыққан егінді уақытылы орып, мол астықты ысырапсыз жинап алу мәселесі де үлкен жауапкершілікті қажет етіп тұр. Осыған байланысты облысымыздағы астық қабылдау кәсіпорындарының жағдайы, дайындығы, жаңа астықты сақтау және темір жол арқылы тасымалдау мәселесі талқыланған жиынға өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нахипбеков, «Қазақстан темір жолы – жүк тасымалы» АҚ-ның Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Балғабек Ақпейісов, «Астық Транс» АҚ-ның Ақмола облысы бойынша өкілі Еркін Молдақов, ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекциясы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Сұлтан Қасенов, «Өңірлік астық холдингі» ӘКК директоры Ербол Тәшенов және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері қатысып, атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтып берді.
– Былтырғы жылы вагондардың жетіспеушілігінен астық тасымалдау барысында біраз қиындықтар туды. Осының салдарынан астық өндірушілер нарыққа шыға алмай, қосымша қаржылай шығынға батты. Сол себепті, Қазақстан темір жолы мен кәсіпкерлер арасында туындайтын проб-лемаларды жылдам шешу үшін жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кіріс органдарының, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерінің және өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жұмыс штабы құрылды, – деп атап өтті Тимур Нахипбеков.
Бұған қоса, кәсіпкерлерден басқа, «ҚТЖ – жүк тасымалы» АҚ, «Астық Транс» АҚ және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылығымен бірыңғай WhatsApp-чаты құрылды. Бұл өзара ынтымақтастық оң нәтиже берді. Палата директоры бұл бағытта жұмысты күшейтуді ұсынды.
Ал, «Қазақстан темір жолы – жүк тасымалы» АҚ-ның Ақмола облыстық филиалы
директорының орынбасары Балғабек Ақпейісов Қазақстан әлемдегі астық пен ұнның он ірі экспорттаушыларының қатарында екендігін айта келе, астықты таяу және алыс шетелдерге тасымалдау үшін жеңілдікті тарифтік жағдайларды қарау тұрғысынан агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше назар аударылып отырғандығын атап өтті.
Брифинг соңында егін орағы кезінде астықты тасымалдау бойынша орын алған мәселелерді бірлесе шешу қажеттігі
айтылды.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар