Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«AЯЛАУ» – ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОРҒАУ - АРҚА АЖАРЫ

«AЯЛАУ» – ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОРҒАУ

Көкшетау қаласындағы «Банк Хоум Кредит» акционерлік қоғамының еншілес банкінің ұйымдастыруымен ерекше перформанс – көңілді флешмоб өткізілді. Оған қала тұрғындары көптеп қатысып, жақсы көңіл-күйге кенеліп, естелік суреттерге түсті. Осылай аталмыш банк өздерінің АЯЛАУ деп аталатын қаржылық қорғау – жаңа акциялары басталғаны туралы көпшілікке мәлім етті. Оның аясында банк клиенттері ертеңгі күнге сеніммен қарап, өз несиелері үшін алаңдамай жүре алады.

Банк басталған жаңа акциясы туралы айтып қана қоймай, қала тұрғындарына шағын мереке де ұйымдастырды. Одан әрі АЯЛАУ қаржылық қорғау акциясы аясында АялауYou конкурсына қатысып, банк әзірлеген көптеген сыйлықтарға қол жеткізуге болатыны айтылды. Конкурсқа қатысу үшін сіз небәрі @homecredit_aialau инстаграм парақшасына жазылып, флешмоб кезінде Айбек пен Гаухар атты банк кейіпкерлерімен немесе «Аялау» тақтасымен суретке түсіп өз жеке инстаграм парақшаңызға #АялауYou хештегімен жариялауыңыз керек. Конкурс туралы толық ақпаратты https://aialau.kz/ сайтынан алуға болады. Аталмыш акция аясында банк клиенттері қандай жағдай болмасын кешенді қорғалатын болады.
Біріншіден, кез келген уақытта кредитті айыппұлсыз мерзімінен бұрын төлей аласыз. Бұл – несиені мерзімінен бұрын өтеу кезінде артық төлеу сомасын азайтып, несиенің нақты пайдалану мерзіміне ғана төлейсіз деген сөз. Екіншіден, екі айға дейін төлем үзілісі ұсынылады. Ол үшін банк менеджеріне клиенттің үш төлемін өтеп, несиенің мерзімін өткізіп алмаса болғаны.
Несие бойынша 2 төлемге дейін төлеу мүмкіндігі (еңбекке жарамсыздық парағының негізінде) тағы бар. Жарақаттанып, күйік немесе басқа дене жарақатына тап болсаңыз, бұл мүмкіндікті де пайдалана аласыз. Бұл шарт өз мерзімі ішінде екі рет әрекет етеді. Сақтандыру бойынша төлеу барысында банк клиенті қайтыс болған жағдайда таңдалған өнім бойынша қарыз қалдығы 90 пайызынан 110 пайызға дейін өтелетін болады.
«Хоум Кредит Банкі» клиенттің күтпеген жағдайларға қарамастан, қарызды қайтару мүмкіндігі болғандығына мүдделі. Әр клиент біз үшін қымбат және де біздің қамқорлығымыз бен қорғанымызға лайық. Өйткені, біздің «Аялау» сияқты әр іс-шараларымыз клиентеріміздің ғажайып өміріне бағытталады, – деді «Хоум Кредит Банкінің» маркетинг департаментінің директоры әрі банк басқармасының мүшесі Кирил Бачваров.

Салтанат Досетова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар