Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа технология – жаңа мүмкіндіктер - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа технология – жаңа мүмкіндіктер

Соңғы жылдары энергия ресурстарының бағасы екі есе өсті. Белсенді энергия тұтынушыларының бірі – құрылыс кешені болып табылады. Мұнда энергия үнемдегіш технология есебінен энергия ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік бар.

Энергия үнемдеу шараларын қолдану кезінде әртүрлі ғимараттарды пайдалану тәжірибесіне сүйенеміз. Ғимараттың энергия тиімділігі көптеген факторлардың қосындысымен анықталатыны дәлелденген. Мәселен, жылудың 40 пайызы қабырға арқылы шықса, 18 пайызы терезе, 10 пайызы жертөле, 18 пайызы төбе, 14 пайызы вентиляция арқылы жоғалады. Сондықтан, энергия шығынын минимумға жеткізу тек энергия үнемдеуге кешенді келу кезінде мүмкін. Балабақша, мектеп пен аурухана тәрізді кез келген ғимараттың жоғары энергия тиімділігін жобалаудың бастапқы кезінде сәулеттік форма күннің көзі мен желге байланысты нысанның орналасуы есебінен қамтамасыз етуге болады. Энергия үнемдегіш жобаларды жүзеге асыру құрылыста қаржы шығынын көбейтеді. Дегенмен, бұл қаржы энергия үнемдеу есебінен кері қайтарылады. Панельдік үй салу технологиясының ерекшелігі мен маңыздылығы қабырға конструкциясының элементтері зауыт жағдайында жиналады. Қазіргі заманғы материалдар пайдаланылады. Қабырға панельдері тек өнеркәсіп алаңында тексеріледі. Құбылмалы ауа райына байланысты құрылыс алаңындағы жағдай қолайсыз. Кірпіш қалаудың сапасы тас қалаушының біліктілігі мен ұқыптылығына байланысты.
Облыста Көкшетау қаласы мен Аршалы кентінде үй құрылыс комбинаты жұмыс істейді. Бүгінгі күнге дейін Аршалы зауытының қуаты Астана құрылысына пайдаланылып келді. Қазір біз зауыт басшылығымен бірге оның қуатын Аршалы, Целиноград пен Шортанды аудандарындағы тұрғын үй құрылысына пайдалануға жоспар дайындаудамыз. Сондай-ақ, Аршалы зауыты «Нұрлы жер» бағдарламасының үш бағытын жүзеге асыру кезінде пайдаланылмақшы. Көкшетау қаласының үй құрылысы комбинаты облыс орталығында 90 пәтерлік тұрғын үй салды. Комбинат жұмыспен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік нысандардың құрылысы кезінде жарық, ыстық су мен жылу беру үшін күн энергиясы пайдаланылады. 2016 жылы бұл инновациялық технологияның элементтері қолданылып, Бурабай ауданының Атамекен ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Мұнда ішкі және сыртқы жарық, сондай-ақ, ыстық сумен қамтамасыз ету үшін күн панельдері пайдаланылды. Нысанда қуаты 10 келіВаттық автономдық фотоэлектр жүйесі орнатылған. Жүйе дәрігерлік амбулатория жалпы тұтынатын электр энергиясының ширегін шығарады. Сондай-ақ, ВА ғимараты бойынша жылу шығынын азайту үшін қабырға, терезе, сыртқы есіктер, төбе жамылғысы, еден тәрізді сыртқы қоршаудың жылу энергетикалық көрсеткіштерінің арнайы есебі шығарылды. Есептер мен тиісті пайдаланылған материалдар жылу шығынын азайтып, жылына 396 мың теңге энергетикалық бірлікті үнемдеуден кіріс алуға мүмкіндік береді. Күрделі жөндеу мерзіміне дейін үнемдеу 5 миллион теңгені құрайды. Бурабай ауданының Кенесары ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулаторияда күн көзі панельдерімен көшеге жарық беріледі. Макинск қаласындағы суда шомылу бассейнінде жыл бойы су жылыту жүйесі орнатылған. Өткен жылы облыстық әкімдіктің үшінші қабатын қалпына келтіру жұмысы жүргізілді. Жарық жүйесін қалпына келтіру кезінде электрмен қамтамасыз етуді 50 пайызға дейін үнемдейтін арнайы Led шамдары орнатылды. Сумен қамтамасыз ету нысандарын жобалау кезінде қондырғы жұмысының шығынын азайту шарасы пайдаланылады. Бүгінгі таңда тарату жүйесі бойынша мұнарасыз су беру жүйесі салынуда. Өйткені, су мұнарасының құрылысы қымбат. Оның үстіне қыс айларында мұнара қатып қалады. Ондағы судың сапасы нашарлайды. Мұндай жүйе Ақкөл ауданы Красный Горняк селосындағы туристік базаның су құбыры жүйесінің құрылысында пайдаланылды. Облыста ауыз сумен қамтамасыз ету үшін суды мембрандық технологиямен тазалау қолданылады. «Мембрандық технология, С.А» серіктестігі 13 ауданның 40 елді мекендерінде су тазалаудың локальдық станцияларын орнатты. Мембрандық технология суды лайлайтын тұз ионы, темір, кальций, магний, органикалық молекулалар, бактериялар мен вирустар тәрізді элементтерді алып тастауға мүмкіндік береді. Сондықтан, мембрана арқылы өткізілген су жұмсақ әрі иіссіз. Қолданылатын технология бюджеттік қаржыны көп қысқартуға мүмкіндік береді. Облыстың ауылдық елді мекендеріндегі су құбыры жүйесі құрылысының жобалық- сметалық құжаттарында тиімділігі жоғары «Грундфос» маркалы су сорғыштары пайдаланылады. Жалпы, жаңа энергия үнемдегіш технологияны қолдану өте тиімді. Басқарма жобалық жұмыс саласының проблемалары бойынша облыс әкімінің орынбасары деңгейінде кеңес өткізуді жоспарлаған. Кеңесте құрылыстағы жоғары технология жөнінде мәселе көтеріледі.

Марат ӘУБӘКІРОВ,
Ақмола облыстық құрылыс басқармасының
басшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар