Облыстық әділет департаменті «Нұр Отан» партиясы филиалымен және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» коммерциялық емес ұйымымен бірлесіп «Тыныс» АҚ-ында «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.
Азаматтарға міндетті медициналық сақтандыру заңнамалары жайлы кеңес беріп, құқықтық көмек көрсету мақсатында өткізілген акция барысында сондай-ақ, заң қызметкерлері жұртшылық тарапынан қойылған жылжымайтын мүлікті тіркеу, электрондық қызмет көрсету сияқты көпшілікті қызықтырған сауалдарға да толыққанды жауаптар берді.
Облыстық әділет департаментінің баспасөз қызметі.