Бұл күндері Капитоновка селосында орналасқан «Журавлевка-1» серіктестігінің орталық қырманында астық қабылдау, кептіру және өңдеу жұмысы қызу қарқын алған. Қырман еңбеккерлері ширақ қимылдауда. Таразы арқылы биылғы орақтың астығын тиеген «КамАЗ» автокөліктері мен трактор тіркемелері бірінен соң бірі өтуде. Серіктестіктің бас агрономы Арнольд Шмельцердің айтуынша, биыл 60 мың гектарға дән себілсе, оның 15 мың гектары майлы дақылдар.
– Алқапта «Джон Дир», «Челенджер», «Вектор» тәрізді жетпіске жуық қазіргі заманғы комбайндар жұмыс істеуде. Мұндай күшпен орақ жұмысын тез аяқтаймыз деп ойлаймын,–дейді ол. Әңгімеге серіктестік директоры Қуантай Сұлтанов араласты.
– Гектар түсімі 20-25 центнерден айналуда. Бұл бастапқы көрсеткіш. Ағайынды Григорий мен Николай Черненковтар басқаратын №3 және №4 бригадаларға үлкен үміт артамыз,–дейді ол.
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Суретті түсірген автор.
Бұланды ауданы.