Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек шарты не үшін керек? - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек шарты не үшін керек?

Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы еңбек және тікелей онымен байланысты қатынастарды реттейді. Еңбек құқығы қатынастары – бұл қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы еңбек шарты негізінде пайда болатын және одан туындайтын, онымен тығыз байланысты заңдық қатынастар.

Еңбек қатынастары, сондай-ақ, еңбек қатынастарына тiкелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушiнiң актiлерінде, келiсiмде реттеледi. Осыған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функция-
сын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал, жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.
Көп жағдайда жұмыс берушілер жұмысқа қабылдау кезінде еңбек шартын жасамайды. Осылайша азаматтардың жыл сайынғы еңбек демалысына деген құқығынан, уақытша еңбекке қабілетсіздігі үшін әлеуметтік төлемдерден және тағы басқалардан айырады.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 28-тармағындағы еңбек шартына сәйкес келесі тәртіпті орындау әрқилы келеңсіздіктерге жол бермейді.
1) тараптардың деректемелері;
2) белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы);
3) жұмыстың орындалатын орны;
4) еңбек шартының мерзімі;
5) жұмыстың басталу күні;
6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;
7) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;
8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және зиянды немесе қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;
9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
11) еңбек шартын өзгерту және тоқтату тәртібі;
12) тараптардың жауапкершілігі;
13) қорытынды күні және реттік нөмірі.
Мүгедектермен жасалған еңбек шарты жұмыс орындарын олардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес жабдықтауға арналған шарттарды қамтуы тиіс.
Сондай-ақ, тараптардың келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар еңбек шартына енгізілуі мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 86-бабына сәйкес, еңбек шартын жасаспай, азаматтарды жұмысқа қабылдау кәсіпкерлік нысандарына – айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.
«Ақмола облыстық еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі тарапынан жүргізіліп жатқан «Еңбек шартын жасасу» акциясы аясында кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларын азаматтарды жұмысқа орналастыру кезінде міндетті түрде еңбек шартын жасауға шақырамыз.

Ермек Сүлейменов,
мемлекеттік еңбек инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар