Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күздің әр күні қарқынды еселеуді талап етеді - АРҚА АЖАРЫ

Күздің әр күні қарқынды еселеуді талап етеді

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин Бурабайда жұмысын бастаған құс өсірушілердің Халықаралық VІІ форумына қатысушыларға табысты мәжіліс құруына тілектестігін білдіргеннен кейін, ауданның бірқатар шаруашылықтарындағы өндірістік жұмыстардың жай-жапсарымен танысты.

Бурабай ауданының диқандары биыл 152722 гектардың дәнді дақылдарын, 43236 гектардың майлы дақылдарын, 10635 гектардың екпе шөбі мен 103 гектардың картобын шашаусыз жинап алу қамында. Аудан әкімі Қ.Қарауыловтың баяндауынша, былтырғы жылмен салыстырғанда майлы дақылдар аумағы 10030 гектарға, рапс 10189 гектарға ұлғайған. Жоспарланған 21063 гектар егістіктің барлығы цифрландырылыпты. Үстіміздегі жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты дән себу науқаны 10-15 күнге кешігіп басталған. Осыған сәйкес, алқаптарға комбайндар қыркүйектің бірінші онкүндігінде түсіпті. Соған қарамастан дәнді дақылдың 55 пайызы жиналып, 78,8 мың тонна астық бастырылды. Бұл гектар түсімінің 14 центнерден айналып отырғанын көрсетеді. Жанар-жағармай қорының беріктігі, машина-трактор паркінің қуаты артқандығы жауапты істің ойдағыдай атқарылатынына сенім қалыптастыратындай. Бұған оңтайлы мысалдардың барлығы дәлел бола алады.
Ұрымқай ауылдық округіндегі «Алтын бидай 2020» ЖШС 21 мың гектар дәнді дақылдардың өнімін толық қоймалап алыпты. Облыс әкімі М.Мырзалин 12-1 алқап басында 181 гектардың рапс дақылын жинап жүрген механизаторлардың өнімді жұмысына ризалық танытты. Серіктестік директоры Николай Радченко рапстың әр гектарынан 21 центнерден өнім жиналып жатқанын айтады. Бұл іске «ДжонДир», «Акрос» комбайндары жұмылдырылған. Озаттар қатарындағы Анатолий Сучиков пен Ризабек Айсин қазірдің өзінде 1500-2000 тоннадан астық бастырыпты. Олар ары барса 5 күннің ішінде орақ науқанын аяқтайтындарына сендірді.
Сабыр Жанәлиев жетекшілік ететін «Қажымұрат» шаруа қожалығы былтыр 194 гектар дәнді дақылдың әр гектарынан 19 центнерден өнім жинаса, биыл да сол ауқымдағы алқаптың түсімі 20 центнерден асатыны көрініп тұр. Қожалық басшысы ауыспалы егіс технологиясын қолданып, үстіміздегі жылы парлы алқаптың үлесін көбейткені көңілге қонады. Әйткенмен, дәнді дақылдардың орақ тимеген ауқымы әлі де мол көрінді. Облыс басшысы қазіргі күні қарқынға қарқын қосу қажеттігін ескертті. Тіпті, көршілерден көмек сұраудың да сөкеттігі жоқ.
Облыс әкімі Мәлік Мырзалин мен оның жанындағы мамандар жеке кәсіпкер Болатбек Абдрахмановтың мал шаруашылығы кешенін аралап көрді. Тауарлы-сүт фермасында күн сайын әр сиырдан жазғы маусымда 20 литрден астам сүт сауылса, қазіргі көрсеткіш те одан кем түспеуде. Жалпы, мұнда жыл ішінде әр сиырдан 650 литр сүт сауылады екен.
Шаруашылықта 230 бас ірі қара, 109 жылқы қыстатылмақ. Бұл мал басының былтырғыдан анағұрлым өскенін көрсетеді. Сондықтан, директор жаңа қора салып жатыр екен. Мұндағы 12 адамның орташа айлық жалақысы 80 мың теңгеден айналуда. Қаражар аумағында 2006 жылы құрылған «Агрофирма Бурабай-2007» ЖШС-ін Дәулет Тазабеков басқарады. Жеке меншік иесінің қарауында 43239 гектар жер бар. Мұның 30394 гектары егістік. 12845 гектары шабындық екен. Шаруашылықтың материалдық-техникалық базасы көңілдегідей. Дегенмен, мұнда да астық жинау қарқыны төмен. Байқаған кісіге агрофирманың қолда барды ұқсата алмай отырғаны байқалады. Шаруашылық басшысы облыс әкіміне ауа райының бөгесін болғанын айтып, қазіргі күні қарқын күшейгеніне сендірді.
Бұдан кейін облыс әкімі Мәлік Мырзалин облыстық басқармалар мен департаменттер басшыларының, Бурабай ауданындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің, ауыл әкімдерінің қатысуымен аудан активінің кеңесін өткізді. Онда егін жинау науқаны, салық кірістерінің түсімі және жер қатынастарын реттеу сияқты мәселелер күн тәртібіне шығарылып, талқылау негізінде жедел атқарылуға тиісті міндеттер атап көрсетілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар