Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің өкімімен облыстық мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалған Рүстем Төлегенұлы Бикенов 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған.
Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдени педагогикалық институтын және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып бастаған.
2000-2004 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын
ауданы әкімінің орынбасары, 2004-2017 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы болды. 2017 жылдың мамыр айынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолжазба және сирек кітаптар Ұлттық орталы-ғында директорлық қызмет атқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры болды.