Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Депозит пайызының кемуі салымшылардың сеніміне селкеу түсірмей ме? - АРҚА АЖАРЫ

Депозит пайызының кемуі салымшылардың сеніміне селкеу түсірмей ме?

Адамдар адал еңбек, маңдай терлерімен тапқан ақшаларын күн санап құнсызданатын инфляция деген емі жоқ аурудан сақтау үшін екінші деңгейлі банктердің депозиттерін пайдаланады. Ақшаңызды көбейтуге көмегі болмаса да, депозит инфляциядан жиған-тергеніңізді қорғауға қауқарлы. Бірақ, биылғы жылдан бастап отандық банктердің депозит өсімі біршама төмендеп кетті.

Хоум Кредит банкіндегі 12 пайыздық депозитімнің жайын білейін деп жақында барғанымда оның автоматты түрде 7 пайызға құлдырап кеткенін естідім. Екінші деңгейлі банктердің депозит өсімі таяуда төмендепті. Осыған орай, бұрын 12 пайыз болған менің депозитім енді 7 пайызға бір-ақ түсіпті. 7 пайыз деген шынын айтқанда, жылдық инфляцияны да толық жаппайды. Бұндай депозиттің сонда қандай пайдасы бар? Маған осы банктен телефоныма жиі-жиі кредит ал деген хабар келіп тұрады. Бір күні жай білейін деп телефон соққанмын. 1 миллион теңге несиені 4 жылға алсам, ай сайын 43 мың төлеп, 4 жылда 1,8 миллион етіп қайтарады екенмін. Кредиттің қайтарымы 24 пайызға жетеді. Ал, осы банктің ең жоғары депозит өсімі 10 пайыз екен. Осыған қарап, отандық банктердің азаматтарымыздың жиған-терген ақшаларын инфляциядан сақтап, көбейтуге қаншалықты көмегі болатынын аңғаратындаймыз.
Елімізде жұмыс істеп жатқан екінші деңгейлі банктердің депозиттері туралы ақпарат жинақталған www.deposit-kdif.kz сайтына кіріп қарағанымызда, ең жоғары депозит өсімі «АТФ Банкінің» «Удобный» деп аталатын депозиті екенін көрдік. Ол – 12 пайыз. «Цеснабанктің» депозит өсімі 11,9 пайыз болса, Евразия банкі – 11, «ЦентркедитБанк» – 11,6, Хоум Кредит Банк – 10 пайыз көлемінде екен. Жалпы, отандық банктердегі салымшылардың депозит өсімі 6-12 пайыз мөлшерінде. Ал, шет елдік валютамен салса 0.1 пайыздан 1 пайызға дейін. Бұл көп пе, аз ба? Оны оқырман өзі бағамдай жатар.
Ал, енді осы банктердің кредит қайтарымының мөлшері 42 пайызға дейін жетіп жығылады екен. Мәселен, Хоум Кредиттің «Деньги до зарплаты» деген кредиті 24 пайызға дейін болса, ВТБ банкінің «Залоговые потребительские кредиты» деген несиесі 19 пайыздан 42,5 пайызға дейін. Тенгри Банктің тұтынушылық кредиті 22 пайызды құрайды.
Осыларға қарап отырып, банктердің негізгі ақша түсімі халық алып жатқан кредиттерден құралатынын бағамдауға болатындай. Банктердің адамдарға кредит ал деп тас кенеше жабысатын әрекеттерінің астарында осындай шындық жасырынып жатқанын аңғарасың. 20-30 пайыз өсіммен ағыл-тегіл келіп жатқан кредит табысының аз ғана бөлігін халыққа қайтарым түріндегі салымшылардың депозитіне жұмсалып жатқандай. Әрине, коммерциялық ұйым болып саналатын банктердің ең алдымен, өз қалтасын ойлайтыны түсінікті жай. Дегенмен де, адамдарға жиған-терген қаржыларын инфляциядан сақтап, көбейтулеріне де аздап мүмкіндік берулері қажет дер едік. Ол үшін кредит пен депозит өсімдерінің арасындағы алшақтық біршама жақындатылуы қажет. Әйтпеген жағдайда, өсім пайызы өте төмен депозитке ақша салу тиімсіз болатындықтан, банктер салымшыларының көбінен айырылып қалу қаупі күшейе түспек.
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар