Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жемқорлыққа жол бермеу – басты міндет - АРҚА АЖАРЫ

Жемқорлыққа жол бермеу – басты міндет

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде жемқорлықтың алдын алу бойынша жүзеге

асырылып жатқан шаралардың барысы пысықталды және жаңа міндеттер белгіленді.

Кеңестің күн тәртібіне сай өңірде жемқорлықтың алдын алу бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Берген Беспалинов айтып берді.
– Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты өзінің биылғы Жолдауында халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған 6 нақты қадамды атап өтті. Осы орайда, аталған маңызды қадамдардың бірі азаматтарымыздың сұраныстарына бағытталған мемлекеттік аппаратты құру. Осы күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздің барлық өңірлерінде халықпен сапалы және шұғыл кері байланысты қамтамасыз етуге бағытталған «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асыруда. Ақмола облысының тұрғындары үшін аталған жоба іске қосылған уақытынан бастап-ақ өтінім жіберудің өзіндік бір «навигаторына» айналды, – деді Берген Беспалинов.
Департамент басшысының айтуынша, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы аясында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне осы күнге дейін 90-нан астам өтініш келіп түскен. Олардың дені жұмыстың сапасын арттыруға бағытталған ұсыным сипатындағы хабарламалар.
– Бұл өз кезегінде азаматтардың жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа белсенді араласуының бір көрсеткіші. Ақмола облысында халықпен кері байланыс жүргізу жүйесінің тағы бір тиімді және тұрақты моделі өңірлік арнайы мониторингтік топтар арқылы іске асуда. Өз өтінішін қалдыруды, не болмаса қандай да бір мәселелер бойынша шұғыл кеңес алуды қалайтын азаматтар өз өңіріндегі аталған топтың мүшелеріне хабарласа алады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев
өз сөзінде мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізудің жоғары нәтижелер көрсеткенін атап өтті. Жағымды нәтижелерге қарамастан, тындырар іс әлі көп. Елбасы атап өткендей, ең бастысы – олар мұны тек жалақыны көбейту ғана емес, бәрінен бұрын жұмыстарының тиімділігін арттыру деп түсінуі керек. Осы орайда, ол еңбекке төленетін қаржының өсімі бюджет шығысын, соның ішінде бағынышты мекемелердің шығыстарын оңтайландыру және үнемдеу есебінен өтелуін бақылауда ұстауды тапсырды, – деді департамент басшысы.
Берген Беспалинов атап өткендей, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайту сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюға ықпал етпек.
Жиында жемқорлық қылмыс жасағандардың жазадан құтылмайтыны және қатаң жазаға тартылатыны да айтылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiндегi ұлттық бюро департаментiнiң басшысы Қуаныш Бекбасовтың есебі тыңдалды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан қолға алынған «Астана – адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылуы туралы айтылды.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі М.Мырзалин аудан және қала әкімдері мен мемлекеттік органдардың басшыларына Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру шеңберіндегі шаралар жоспарын орындауды тапсырды. Әсіресе, мемлекеттік қызмет көрсетуді 100 пайыз электронды форматқа көшіру қажеттігі айтылды. Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен мемлекеттік органдар бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз етуді міндеттеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар