Ағымдағы жылғы күрделі ауа райының жағдайына қарамастан, Жарқайың ауданының диқандары машина-трактор паркін жаңарту, озық технологияларды енгізу, химиялық тыңайтқыштарды кеңінен пайдаланудың нәтижесінде және ауыл еңбеккерлерінің уақытпен санаспай атқарған еселі еңбегінің арқасында облыста алғашқы болып дәнді дақылдарды жинауды аяқтады және жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Егін жинау жұмысымен қатар, 2019 жылғы болашақ егінге тұқым даярлау жұмыстары да жүргізілді. Сұрыптық жоғары сапалы тұқым қорын құру және сүдігер өңдеу толық көлемде атқарылды.
Аудан диқандарының қажырлы ерен еңбегі Елбасымыздың елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға қосқан зор үлес болып табылады.
Егін жинау науқанының сәтті аяқталуына орай, шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар.