Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісіміне сәйкес Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің өкімімен облыс әкімінің аппарат басшылығына тағайындалған Талғат Серікұлы Бөлтенов 1970 жылы туған. Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын және республикалық Есеп және статистика салааралық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы Ақмола облысының экономика басқармасында бас маман болып бастап, 2000-2001 жылдары бөлім басшысы, 2001-2007 жылдары Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті басшысының орынбасары болды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақмола облысының қаржы басқармасының басшысы қызметін атқарды.