Көкшетау қаласындағы орталық тіс емханасында ұзақ уақыттан бері еңбек етіп келе жатқан Шынар Кәрімованы білмейтін адам кемде-кем. Осыдан 24 жыл бұрын Көкшетау медициналық училищесін тәмамдап шыққан ол оқуын Саратов қаласы медициналық университетінің стоматология факультеті дәрігер-стоматолог мамандығы бойынша жалғастырды. Қазіргі кезде үш баланың анасы аталмыш тіс емханасында 2008-ші жылдан бері талмай еңбек етіп келеді. Әріптестері оны өз ісінің шебері деп есептейді. Тәжірибелі стоматолог тісті, емдеу, қаптау, тіс салу сияқты емдеу қызмет түрлерін көрсетеді.
Суретте: тіс дәрігері Шынар Кәрімова.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.