Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаулысына сай 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақытылы орындалуын, сондай-ақ, Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз ету Үкіметке жүктелді. Алдағы жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсыну тапсырылды.
Қаулыда Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету міндеттері жүктелді.