Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Адамның иммун тапшылығы вирусынан сақтанайық! - АРҚА АЖАРЫ

Адамның иммун тапшылығы вирусынан сақтанайық!

АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) – бұл АИТВ инфекциясының вирусын тудыратын өте ұсақ вирус. Бұл вирус адам ағзасына енген жағдайда ол ағзаны аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін иммун жүйесінің бұзылуына және әлсіреуіне әкеліп соқтырады.

АИТВ адам ағзасына түсе отырып, иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды, нәтижесінде оның қызметі қысымға тап болады да ЖИТС –
жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дами бастайды. Науқастың ағзасы инфекциялар мен ісіктерден қорғану мүмкіндігін жоғалтады, қалыпты иммундық жүйесі бар адамдарға тән болмайтын екіншілік оппортунистік аурулар пайда болады.
Иммун тапшылығы вирусы шамамен 3-6 апта ұзақтыққа созылатын инкубациялық кезеңге ие. Бұл уақыт өткеннен кейін науқастардың жартысынан көбісінде келесідей белгілермен жүретін өткір мазасыздық фазасы басталады: дене қызуының көтерілуі, тамақтағы ауыру, буындардағы, бұлшықеттердегі ауыру, бас ауыруы, ұйқышылдық, жалпы әлсіздену, тәбеттің қашуы, лимфа түйіндерінің үлкеюі, жүрек айну, іш өту, құсу, тері бөртпелері, шырыштардың зақымдалуы, ұйыма менингит (өте сирек). АИТВ инфекциясының алғашқы белгілері мен қарапайым суық тиюді шатастырып алу оңай. Вирусты жұқтырғаннан кейін бір немесе үш ай өткеннен кейін ағзада АИТВ-ға қарсы антиденелер түзіледі, нәтижесінде ауру белгілерсіз болады. Кейде бұл кезең 10 жылға дейін созылуы мүмкін, ал кейбір науқастарда бұл фаза тіптен болмайды. Көп жағдайда ЖИТС-тың бірінші белгілері өкпенің зақымдалуымен, Капош саркомының дамуымен, тері мен шырышты қабықтардың саңырауқұлақты зақымдалуымен, кандидоздармен, пневмоцистік пневмониямен және ұзақ мазасыздықпен білінеді. Он пайыз жағдайда АИТВ инфекциясы бірден өтеді де, сәйкесінше, ЖИТС тез байқалады, ереже бойынша, жұқтырғаннан кейін бірнеше аптадан соң науқастың жағдайы жылдам нашарлай түседі.
Бүгінгі таңда адамның иммун тапшылығы вирусымен күресу – аса қауіпті аурумен күресудің пәрменді шараларының бірі саналады. Әлем ғалымдары АИТВ жұқпасына қарсы тиімді дәріні тез арада жасап шығару үшін қолдарынан келген мүмкіншіліктерді жасауда. Бұл салада біршама жетістіктер де жоқ емес.
Бірақ, ауруға қарсы нақты екпе әлі табылған жоқ. Тек антиретровирустық препараттарды пайдалану, салауатты өмір салтын ұстану, дәрігердің нұсқауын бұлжытпай орындау арқылы ғана оған шалдыққан адамның өмірін бірнеше жылға ұзартуға болады. АИТВ жұқпасынан сақтанудың ең тиімді және кепілдендірілген жолы әрбір адамның өз-өзіне байланысты болып отыр.
Аталған дертпен күресуге жалғыз медицина қызметкерлерінің ғана күші жетпейтіндігі айқын. Қоғамның әрбір саналы мүшесі осы проблема барын және жылма-жыл көбею үстінде екенін түсініп, өзінің және отбасының денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сонда ғана бұл эпидемияны азайтып, әрі қарай дамуын тоқтата аламыз. Денсаулық баға жетпес байлық, оны сақтау үшін салауатты өмірді таңдайық!

Шортанбай ТӨРЕБАЕВ,
Ақмола облыстық ЖИТС-пен
күрес және оның алдын алу
орталығының дәрігері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар