Сарапшылар таңғы астың барынша пайдалы және тойымды болуы үшін бірнеше кеңес берді. Диетологтардың айтуынша, тамақты төртбұрышты тәрелкеден тұрып жеу керек екен.
Америкалық диетолог Дженнифер Ньюсон таңғы астың сіңімді болуы оның түріне ғана емес, оны қалай жейтіндігіне байланысты екенін айтады. Тұрып жеген аса маңызды. Себебі, бұл қалыпта тамақ ағзаға жақсы сіңеді екен. Бастысы тәрелке дөңгелек емес, төртбұрышты болуы керек.
Диетологтар осыны дәлелдеу үшін эксперимент жүргізген. Экспериментке 80 адам қатысқан. Асты тұрып жеген келіншектер жылдам тойса, отырып тамақтанғандары ұзағырақ және көбірек жеген.
Сондай-ақ, мамандар тамақ ішкенде еш нәрсеге, әсіресе теледидар мен смартфонға көңіл аудармау қажет дейді.
Дайындаған Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.