Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тоғыз айдың толымды жағы басым - АРҚА АЖАРЫ

Тоғыз айдың толымды жағы басым

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген әкімдік мәжілісінде биылғы жылдың тоғыз айының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және облыс бюджетінің тоғыз айдағы атқарылуы туралы мәселелер қаралып, Елбасының Жолдауына орай әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын арттыру, бюджеттің толық орындалуын қамтамасыз етудің тың міндеттері жүктелді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша есеп берген облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.М.Дүзелбаев алдымен, өнеркәсіпте өндіріс көлемінің 463,1 миллиард теңгені құрағанын жеткізді. Тауарлы өнімнің нақты көлем индексі 103,8 пайызға орындалған. Бұл өсім алтын кенінің былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,3 пайызға, ал, мыс кенінің 29,2 пайызға артуымен байланысты.
Азық-түлік өндірісінде ет және ет өнімдері, өсімдік майы, ұн және сүт өнімдерінің едәуір өсімі байқалады. Алайда, минералды және алкогольсіз сусындар өндіру, химия өнеркәсібінде пестицидтер, резеңке және пластмасса өндірісінде құбыр өндірудің едәуір төмендегені облыс бюджетіне түсетін қаржы көлеміне өз салқынын тигізбей қоймайды. Мұның есесіне «Степногорск ЕПК» акционерлік қоғамының подшипниктер өндірісін 60 пайызға ұлғайтуы машина жасау саласындағы істің жайын біраз ілгерілетті.
Өнеркәсіптегі көрсеткіштер негізінен, осындай нәтижелермен ерекшеленсе, ауыл шаруашылығындағы жағдай жалпы алғанда, жаман емес деп бағалауға тұрарлықтай. Облыс диқандары астық жинау науқанын аяқтап шықты. Ауа райы дәнді дақылдармен қоса, 257,2 мың гектар алқапта орналастырылған майлы дақылдарды да әне-міне, толық жинап алуға мүмкіндік туғызғалы отыр.
Облыс алдағы мал қыстату науқанына мал азығының жеткілікті қорымен кіргелі отыр. Дайындалған шөп мөлшері 1122,7 мың тонна. Бұл жылдық қажетті мөлшердің 101,7 па-йызы. Ет, сүт және жұмыртқа дайындауда да белгілі бір өсім бар. Қой мен ешкі, шошқадан өзге мал басы көбейген.
Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін жасау бағдарламасының аясында 8,9 миллиард теңгенің 8 жобасы іске асырылуда. Облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Елорда базарлары мен сауда орындарында жыл басынан бері 92 мың тонна сүт, 19,2 мың тонна ет өнімдері мен 201,2 миллион дана жұмыртқа сатуды қамтамасыз еткен. Бұл көрсеткіштердің бәрінде де өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 9,5 пайыздан 18,3 пайызға дейін өсім бар.
Жалпы, 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында облыс экономикасын дамытуға барлығы 202,6 миллиард теңге қаржы жұмсалған. Бұл – былтырғыдан 6,7 пайыз артық деген сөз. Осы нәтижелердің дені аймақта мемлекеттік бағдарламалар мен облыстың өз бағдарламаларының негізінен, табысты іске асырылып келе жатқандығын көрсетеді. Инвестициялар тарту мен құрылыс жұмыстарында да осындай оң серпін аңғарылады. Мәселен, өткен тоғыз айда 394 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілген. Бұл 2017 жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 112,7 па-йызды құрайды.
Әкімдік мәжілісіне қатысушыларды облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының осы жай-жапсарымен таныс-
тырып өткен баяндамашы бұдан әрі кәсіпкерлік мәселелеріне де тоқтала келе, әсіресе, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бо-йынша атқарылған жұмыстарға екпін берді.

Өңірлік үйлестіру кеңесі бұл орайда, жалпы құны 112,1 миллиард теңгенің 828 жобасын мақұлдаса, биыл соның 20 жобасы іске асырылуда. Бағдарлама 2010 жылдан бастап қолға алынғанын ескерсек, бұл бір жылға аз жоба емес. Жалпы, 2018 жылы жеке кәсіпкерлікті қолдауға 5,7 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр. Қарастырылып жатқан осы шаралардың бәрі биыл облыс бойынша орташа айлық жалақының да 8,3 пайызға өсіп, 115,4 мың теңгеге жетуіне жағдай туғызған. Экономиканың басты түйіні – салық және басқа да төлемдерге келсек, бюджетке 115,0 миллиард теңге қаржы түскен. Бұл – болжамды жоспардың 106,7 пайызы.
Облыста әлеуметтік сала да жоғарыда атқарылған жұмыстарға сәйкес дамытылып отыр. Жыл басынан бері 10593 жаңа жұмыс орындары ашылған. Оның 6344-і тұрақты жұмыс орындары. Мұның өзі бір есептен, 2017-2021 жылдарға арналған халықты нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Еңбек» бағдарламасының да алғашқы жемісі. Бұл бағдарлама бойынша кәсіптік оқытуға 1689 адам бағытталып, 1973,7 миллион теңгенің 525 шағын несиесі берілген.
Бұдан әрі әкімдік мәжілісінде білім, денсаулық сақтау салаларындағы істің жайы да хабардар етілді. Бұл орайдағы жұмыстар да өз ретімен іске асырылып, шешімін табуда. Сондықтан, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері ұдайы назарда және уақыт талабына сай алға басуда деп айтуға толық негіз бар. Өңірлік үйлестіру кеңесі бұл орайда, жалпы құны 112,1 миллиард теңгенің 828 жобасын мақұлдаса, биыл соның 20 жобасы іске асырылуда. Бағдарлама 2010 жылдан бастап қолға алынғанын ескерсек, бұл бір жылға аз жоба емес. Жалпы, 2018 жылы жеке кәсіпкерлікті қолдауға 5,7 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр. Қарастырылып жатқан осы шаралардың бәрі биыл облыс бойынша орташа айлық жалақының да 8,3 пайызға өсіп, 115,4 мың теңгеге жетуіне жағдай туғызған. Экономиканың басты түйіні – салық және басқа да төлемдерге келсек, бюджетке 115,0 миллиард теңге қаржы түскен. Бұл – болжамды жоспардың 106,7 пайызы.
Облыста әлеуметтік сала да жоғарыда атқарылған жұмыстарға сәйкес дамытылып отыр. Жыл басынан бері 10593 жаңа жұмыс орындары ашылған. Оның 6344-і тұрақты жұмыс орындары. Мұның өзі бір есептен, 2017-2021 жылдарға арналған халықты нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Еңбек» бағдарламасының да алғашқы жемісі. Бұл бағдарлама бойынша кәсіптік оқытуға 1689 адам бағытталып, 1973,7 миллион теңгенің 525 шағын несиесі берілген.
Бұдан әрі әкімдік мәжілісінде білім, денсаулық сақтау салаларындағы істің жайы да хабардар етілді. Бұл орайдағы жұмыстар да өз ретімен іске асырылып, шешімін табуда. Сондықтан, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері ұдайы назарда және уақыт талабына сай алға басуда деп айтуға толық негіз бар.
Әкімдік мәжілісінде биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша есеп берген облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Т.Белая облыстық бюджетке 107774,4 миллион теңге түсіп, осы кезеңдегі жоспар 103,3 пайызға орындалғанын атап өтті.
Сондай-ақ, есеп беруші республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер 30604,4 миллион теңгені құрап, субвенциялар бо-йынша жоспардың 100 пайыз орындалуы қамтамасыз етілгенін айтты. Салықтар мен төлемдерден 50949,7 миллион теңге қаржы түскен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 7268 миллион теңгеге және 9 айдың жос-парынан 4856,1 миллион теңгеге артық. Аталған саладағы жоспарды облыстың барлық өңірлері орындап отыр.
Облыс бойынша бюджеттің шығыс бөлігін атқару 166289,6 миллион теңге мөлшерінде болып, жоспардың 98,9 пайызын құрады және бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,8 пайыздық тармаққа жоғары.
Өңірдегі 23 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қаржы игерудің жоғары пайызына қол жеткізді. Мұнда төтенше жағдайлар департаменті, жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау, еңбек инспекциясы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, ветеринария, тексеру комиссиясы, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік, қаржы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы және басқа басқармалардың үлесі зор. Соған қарамастан, игерілмеген қаржының көлемі 194,6 миллион теңгені құрап отыр. Бұл орайда, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 41,9 миллион теңгені игере алмады. Таратып айтқанда, бұл жағдай 20,8 миллион теңге конкурстық рәсімдердің ұзақ уақыт жүргізілуі, 10,6 миллион теңге Шаңтөбе АӘҚКО күрделі жөндеу бойынша жұмыс өндірісі кестесінен артта қалуы, 5,5 миллион теңге автокөлікті сатып алу бойынша қайталама конкурс жүргізілуі салдарынан орын алған. Бұлардың қатарына табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалану басқармасын (41 миллион теңге), кәсіпкерлік және өнеркәсіп (20,8 миллион теңге), тағы басқаларын жатқызуға болады.
Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер бойынша Егіндікөл ауданының әкімі
Е.Ш. Исабеков, Жарқайың ауданының әкімі М.С. Балпан, Ерейментау ауданының әкімі В.Н. Радченко, Целиноград ауданының әкімі М.С. Тәткеев, Аршалы ауданының әкімі А.А. Тайжанов, Ақмола облысы бо-йынша жұмысты қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасының басшысы Д.Қ. Ахметжанова сөз сөйлеп, қалыптасқан мәселелер жайлы айтып, түсініктер берді.
Облыс әкімі М.К. Мырзалин әлі де болса істі ширатуды талап етті. Осы орайда Елбасының биылғы Жолдауында алға қойылып отырған міндеттерді орындау қажеттігі алға тартылып, нақтылы тапсырмалар берді. Сонымен бірге, облыс әкімі ақмолалық диқандар егін орағын толықтай аяқтап шыққандығын және жалпы астық өндірісі бойынша республика бойынша алдыңғы қатарда тұрғанымызды айтып, диқан қауымына ризашылығын білдірді. Әкімдікте қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудың барысын сүйемелдеу жөніндегі ақпараттық жұмысты ұйымдастыру туралы қаулыға қол қойды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын ұйымдастырушылық-ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, Жолдауды түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық топтардың Ақмола облысының қалалары мен аудандарына шығу құрамы мен кестесі бекітілді. Ақпараттық топтардың мүшелерінің халықпен өткізген іс-шаралар туралы ақпаратты жинақтап отыру, Жолдауды ұйымдастыру-ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету және оған бақылау жасау тапсырылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар