Ақмола облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының жаңа басшысы Иван Иванович Юрченко 1980 жылы туған. Қазақ инженерлік-экономикалық университетін бітірген.
2007-2009 жылдары Алматы қалалық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментінің бас маманы, одан кейін Алматы қаласы Түркісіб ауданы әкімінің көмекшісі болып қызмет атқарды. Әр жылдары Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы абоненттік қызметінің басшысы, Алматы жылу желілерінің инженері болды.
2012-2013 жылдары Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне басшылық етті. 2013-2016 жылдары Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияда қызмет істеді. Жаңа тағайындауға дейін 2016 жылдың желтоқсанынан бастап Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды.