Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қасқыр және оның қырықтан астам қасиеті - АРҚА АЖАРЫ

Қасқыр және оның қырықтан астам қасиеті

● Ұйлыққан қасқырды қазақ атпаған, өршеленіп кетеді деп ойлаған. Жазатайым атып қалса, екеуін де атып алуға тырысқан. Өйткені, біреуі аман қалса, сол күннен бастап сол ауылдың малына, жанына шабуыл жасаған. Атқан аңшының малынан бөлек бала-шағасын қырып кетуге тырысқан.
● Қасқырдың терісін илеп, қайнаған суға бірнеше рет салсаңыз да, өзіне тән иісі ешқашан да жоғалмайды.
● Қасқырды қазақ халқы ешқашан да азаптап өлтірмеген, киесінен қорыққан, құрметтеген. Егер де азаптап өлтірсе, жамандыққа ұшырайды немесе ұрпағына зиян келеді деп ойлаған.
● Өмірде қасқырдай айлакер, ұйымшыл, ақылды жыртқыш жоқ.
● Қасқыр қыста боранды күндері күніне 100 шақырымнан астам жортады.
● Аңшылар қасқыр аулауға шыққанда, мылтығының ұңғысының аузын жауып қоятын болған, себебі, қасқырлар неше шақырымнан болса да мылтықтың исін сезіп қояды.
● Қасқырдың тісі тиген, қасқыр талаған малды қайта қатарға қосылмайды деп сойып тастаған.
● Қасқыр малдың ұлығы түйеге тиіспеген, киесін таныған. Егер де түйе шөгіп жатса, үстінен секіріп өткен.
● Бөлтірігіне тамағын құсып берген.
● Бір топ болып өтсе де, яғни үйір болып, бір ізбен жүрген, соқпақ жасамаған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар