Бейбіт күнге жаны құштар, əр таңым арайлап атып, əн-күй, мереке-мейрам, жыр-думанмен өтсе екен деп аңсайтын қазақ халқы, мереке-мейрам, айт-наурыз күндері мəре-сəре қуанып, күліп-ойнап, бір жасап қалады əрі ондай мерекелік бас қосуларда мынадай бата-тілектер беріледі:
Мереке – мерекеге ұлассын,
Береке – берекеге ұлассын,
Қуаныш-күлкі тынбасын,
Бұлт баспасын шың басын!
Ұзағынан қуантсын,
Ұзағынан күлдірсін,
Ұзағынан сүйінтсін,
Ұзағынан сүйдірсін!
Жаратқаным жақ болсын,
Халқымызға бақ қонсын!
Кетпей бастан бейбіт күн,
Ел-жұрт мəңгі шат болсын!
Аллаһу акбар! –деп ықылас білдіреді.